Желі қызметтері

Ойнатқышты желіге қосу арқылы ағынды бейне немесе желідегі бағдарламалар сияқты әр түрлі желілік қызметтерді пайдалануға болады.

Желі қызметтерін пайдалану үшін, алдымен төмендегіні орындауыңыз керек:

1.Ойнатқышты желіге жалғаңыз. (18-бетті қараңыз)

2.Желі параметрлерін реттеңіз. (27-30 беттерді қараңыз)

Samsung есептік жазбасына кіру

Фильмдер мен телешоуларды немесе бағдарламаларды ашпас бұрын Samsung есептік жазбасына кіруді ұсынамыз.

Samsung есептік жазбасына кіру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.Басты экран көрсетіліп тұрғанда ҚЫЗ. (A) түймесін басыңыз. «Кіру» экраны көрсетіледі.

2.«Эл. пошта» өрісін таңдап, v түймесін басыңыз. Қалқымалы пернетақта пайда болады.

3.Осы пернетақтаны пайдаланып электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Аяқтағаннан кейін Дайын түймесін, одан кейін v түймесін басыңыз. «Кіру» экраны қайтадан көрсетіледі.

4.«Құпия сөз» өрісін таңдап, v түймесін басыңыз. Қалқымалы пернетақта пайда болады.

5.Пернетақтаны пайдаланып құпия сөзді енгізіңіз. Аяқтағаннан кейін Дайын түймесін, одан кейін v түймесін басыңыз. «Кіру» экраны қайтадан көрсетіледі.

6.Кіру процесін келесі ретте оңайырақ ету үшін Мені автоматты тіркеу тармағын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

7.Кіру тармағын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз. Ойнатқыш есептік жазбаға кіреді. Экранның төменгі сол жағында есептік жазбаның электрондық поштасы көрсетіледі.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Егер Мені автоматты тіркеу тармағын таңдасаңыз, келесі кіргенде, ойнатқыш электрондық пошта мен құпия сөзді автоматты түрде енгізеді. Бар істеу керегі Кіру пәрменін таңдау.

\\ «Кіру» экраны пайда болғанда электрондық пошта мекенжайыңыз бен құпия сөзіңіз көрсетілмесе, «Эл. пошта» өрісінің жанындағы төмен көрсеткі бар түймені таңдаңыз да, vтүймесін басыңыз. Бүкіл тіркелген есептік жазбалардың ашылмалы тізімі пайда болады. Есептік жазбаны таңдаңыз да, vтүймесін басыңыз. Ойнатқыш электрондық пошта және құпия сөз өрістерін толтырады.

\\ Кіргеннен кейін ҚЫЗ. (A) түймесін бассаңыз, «Менің ес. жазб.» қалқымалы терезесі пайда болады. Қалқымалы терезеде Жүй шығу, Есеп. жазба ту-ы ақпар-ы өзг-з, Желі қыз-ң ес-к жазбалары, Есептік жазбаларды құрылғыдан жою және Есептік жазбаны өшіру тармағын таңдауға болады.

\\ Фильмдерді жалға алу және ақылы бағдарламаларды сатып

алу үшін есептік жазбада несие картасы тіркелген болуы керек. Картаны тіркемеген болсаңыз, Есеп. жазба ту-ы ақпар-ы өзг-з тармағын таңдаңыз. «Есептік жазбаны өзгерту туралы ақпарат» бетінде Картаны тіркеу тармағын таңдаңыз да, vтүймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

«Фильмдер мен телешоулар» немесе «Қолданбалар» функциясын пайдаланбас бұрын

Smart Hub қызметін реттемеген болсаңыз, «Фильмдер мен телешоулар» немесе «Қолданбалар» тармағын бірінші рет пайдаланғанда, ойнатқыш Smart Hub қызметінің параметрлерін орнатуды орындауды сұрайды.

06 Желі қызметтері

Қазақша 45

Page 183
Image 183
Samsung BD-F6500/RU manual Желі қызметтері, Samsung есептік жазбасына кіру, Ойнатқышты желіге жалғаңыз -бетті қараңыз