Желі қызметтері

Қалта жасау

«Қалта жасау» Қос-ша бағ-лар экранында бағдарламаларды орналастыруға болатын қалтаны жасауға мүмкіндік береді.

1.Қос-ша бағ-лар экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. тармағына жылжыңыз да, v түймесін басыңыз.

2.Қалта жасау, тармағын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз. «Қалта атауын орнату» қалқымалы терезесі пайда болады.

3.v түймесін басыңыз. Пернетақта пайда болады.

4.Оң жақта Тазалау түймесін таңдап, енгізу өрісінен 1 қалтасы сөзін жою үшін v түймесін басыңыз. Одан кейін пернетақтаны пайдаланып қалтаға қолданғыңыз келетін атауды енгізіңіз.

5.Аяқтағаннан кейін оң жақтағы Дайын түймесін таңдаңыз да, одан кейін v түймесін басыңыз.

Қалқымалы терезе қайта пайда болады.

6.OK түймесін таңдап, v түймесін басыңыз. Экранның сол жағындағы бағдарламалар тізімінде жаңа қалта пайда болады.

Қалтаға жылжыту

«Қалтаға жылжыту» бағдарламаларды басқа таңдаған қалтаға жылжытуға мүмкіндік береді.

1.Қос-ша бағ-лар экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. тармағына жылжыңыз да, v түймесін басыңыз.

2.Қалтаға жылжыту тармағын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз. «Қалтаға жылжыту» терезесі пайда болады.

3.▲▼◄► түймелерін пайдаланып бағдарламаға жылжыңыз да, бағдарламаны таңдау үшін v түймесін басыңыз. Бағдарламаның жоғарғы сол жақ бұрышында құсбелгі пайда болады.

4.Бағдарламадан таңдауды алу үшін v түймесін басыңыз. Құсбелгі алынады.

5.Қосымша бағдарламаларды таңдау үшін 3-қадамды қайталаңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Бүкіл жүктелген бағдарламаларды таңдау үшін экранның жоғарғы оң жағында Барл-н таңдау тармағын таңдаңыз да, vтүймесін басыңыз. Бүкіл жүктелген бағдарламалардан таңдауды алу үшін экранның жоғарғы оң жағында Бар. таң- мау тармағын таңдаңыз да, vтүймесін басыңыз.

6.Дайын болғанда экранның оң жағында Қалта таңдау тармағын таңдаңыз да, одан кейін v түймесін басыңыз. «Қалтаны таңдау» қалқымалы терезесі пайда болады.

7.«Қалтаны таңдау» қалқымалы терезесінде ▲▼ түймелерін пайдаланып таңдаған бағдарламаларды жылжытқыңыз келетін қалтаны таңдау үшін v түймесін басыңыз.

8.«Жылжытылған құрылғылар» қалқымалы терезесі пайда болады. v түймесін басыңыз.

9.Қалтаны ашу үшін ▲▼◄► түймешіктерін пайдаланып қалтаны таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

Қалта атын өзг.

«Қалта атын өзг.» бұрыннан бар қалтаның атын өзгертуге мүмкіндік береді.

1.Қос-ша бағ-лар экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. тармағына жылжыңыз да, v түймесін басыңыз.

2.Қалта атын өзг. тармағын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз. «Қалта атын өзг.» экраны пайда болады және қалта бөлектеледі.

3.Таңдаған қалтаны бөлектеу үшін ▲▼◄► түймешіктерін пайдаланыңыз да, v түймесін басыңыз. «Қайта ат» қалқымалы терезесі пайда болады.

4.v түймесін басыңыз. Пернетақта пайда болады.

5.Қалтаның жаңа атын енгізіңіз. Аяқтағаннан кейін оң жақта Дайын түймесін таңдаңыз, одан кейін v түймесін басыңыз. Жаңа атты көрсеткен «Қайта ат» қалқымалы терезесі пайда болады.

6.OK тармағын таңдап, v түймесін басыңыз. Қалта аты өзгертіледі.

7.Экранның оң жағында Жабу тармағын таңдаңыз да, одан кейін v түймесін басыңыз.

50 Қазақша

Page 188
Image 188
Samsung BD-F6500/RU Қалта жасау, Қалтаға жылжыту, Қалта атын өзг, Қосымша бағдарламаларды таңдау үшін 3-қадамды қайталаңыз