Мультимедианы ойнату

-- Барлық дыбыс жолдарын таңдау үшін Барл-н таңдау түймесін пайдаланыңыз. Бұл жеке жол таңдауларынан бас тартады. Қашықтан басқару құралындағы RETURN түймесін басып немесе Ойнату түймесі таңдап, v түймесі басылғанда, барлық жолдар «Музыканы ойнату» экранында пайда болады және өнім барлық жолдарды ойнату үшін 001 жолынан бастайды.

-- Таңдалған дыбыс жолдарының барлығын таңдаудан бірден бас тарту үшін Барл-н өшіру түймесін пайдаланыңыз. Одан кейін, жеке жолдарды таңдаңыз немесе барлық жолдарды таңдау үшін Барл-н таңдау параметрін пайдаланыңыз да, қашықтан басқару құралындағы RETURN түймесін басыңыз. Егер Барл-н таңдау параметрін пайдаланбасаңыз немесе жеке жолдарды таңдамасаңыз, әндер тізімі өзгермейді.

-- Бас тарту «Таңдауды ойнату» экранында жасалған барлық өзгертулерден бас тартады. «Ойнату» экранына оралғанда, әндер тізімі өзгермейді.

Көшіру

1.Өнімнің алдындағы USB ұясына USB құрылғысын салыңыз.

2.Басты экранда Параметр. тармағын таңдап, v түймесін басыңыз. «Параметр.» мәзірі пайда болады.

3.▲▼ түймелерін басып Көшіру тармағын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз. «Көшіру» экраны пайда болады.

4.▲▼ түймелерін пайдаланып дыбыс жолын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз. Жолдың сол жағында құсбелгі пайда болады.

5.Қосымша жолдарды таңдау және құсбелгі қою үшін, 4-қадамды орындаңыз.

6.Дыбыс жолын тізімнен алып тастау үшін оған жылжып барыңыз да, v түймесін қайтадан басыңыз.

Дыбыс жолындағы құсбелгі алынады.

7.Аяқтағанда, ▲▼ түймелерін пайдаланып Алу түймесін таңдаңыз да, v түймесін басыңыз. «Алу» қалқымалы терезесі пайда болады.

8.▲▼ түймелерін пайдаланып алынған файлды сақтау үшін қажетті құрылғыны таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Алу орындалып жатқанда құрылғыны ажыратпаңыз.

9.Жолды алудан бас тарту қажет болса, v түймесін басып, Иә жауабын таңдаңыз. Алуды жалғастыру үшін Жоқ жауабын таңдаңыз.

10.Көшіру аяқталғанда «Сәтті көшірілді.» хабары пайда болады. v түймесін басыңыз.

11.RETURN түймесін басыңыз немесе Бас тарту түймесін таңдаңыз, одан кейін «Ойнату» экранына оралу үшін v түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Бұл функцияны DTS Audio CD дискісімен пайдалануға болмайды. \\ Бұл функцияны кейбір дискілер қолдамауы мүмкін.

\\ .mp3 пішіміне 192 Кбит/сек сапасымен кодталады.

\\ «Көшіру» экранында Барл-н таңдау және Барл-н өшіру параметрлерін де таңдауға болады.

-- Барлық жолдарды таңдау үшін Барл-н таңдау параметрін таңдап, vтүймесін басыңыз. Бұл жеке жол таңдауларынан бас тартады.

-- Таңдалған дыбыс жолдарының барлығын таңдаудан бірден бас тарту үшін Барл-н өшіру түймесін пайдаланыңыз.

Фотосурет мазмұндарын ойнату

DVD, USB, ұялы құрылғыда немесе компьютерде орналасқан фотосурет мазмұндарын ойнатуға болады.

«Құралдар» мәзірін пайдалану

Ойнату кезінде TOOLS түймесін басыңыз. Бірқатар белгішелер экранның төменгі бөлігінде көрсетіледі. Экранда солдан оңға қарай көрсетілген белгішелер төмендегі кестеде жоғарыдан төмен қарай бірдей ретпен көрсетіледі.

 

 

Алдыңғы

Алдыңғы суретке жылжу үшін таңдаңыз.

Бұдан әрі

Келесі суретке жылжу үшін таңдаңыз.

Слайд-шоуды

Слайд көрсетілімін ойнату/уақытша

бастау / тоқтату

тоқтату үшін таңдаңыз.

42 Қазақша

Page 180
Image 180
Samsung BD-F6500/RU manual Көшіру, Фотосурет мазмұндарын ойнату