Бағдарламалық құралды жаңарту

«Бағдарламалық құралды жаңарту» мәзірі жұмысты жақсарту және қосымша қызметтер алу үшін ойнатқыштың бағдарламалық құралын жаңартуға мүмкіндік береді.

Жаңарту барысында, ойнатқышты қолмен өшіріп, қайта қосушы болмаңыз.

1.Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

2.Қолдау тармағын таңдап, содан кейін v түймесін басыңыз.

3.Бағдарламалық қамт-ды жаңарту тармағын таңдап, содан кейін v түймесін басыңыз.

4.Бағдарламалық құралды қазір жүктеп алып, жаңарту үшін Қазір жаңарту тармағын таңдап, v түймесін таңдаңыз. Толығырақ мәлімет алу үшін осы беттегі «Қазір жаңарту» бөлімін қараңыз.

5.Өнімнің қол жетімді болғанда бағдарламалық құралды автоматты түрде жүктеп алып, жаңартуына мүмкіндік беру үшін Автоматты жаңарту тармағын таңдап, v түймесін таңдаңыз. Мәліметтер алу үшін 32-беттегі «Автоматты жаңарту» бөлімін қараңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Ойнатқыш өздігінен өшіп, қайта қосылғанда, жаңарту аяқталған болады.

\\ Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет қосылымы немесе пайдаланушы немқұрайлығы нәтижесінде орын алған ойнатқыштың ақаулары үшін жауап бермейді.

\\ Егер бағдарламалық құралды жүктеу барысында жаңартудан бас тарту керек болса, vтүймесін басыңыз.

\\ Жүйе жаңартылып жатқанда, алдыңғы панельде «UPDATE» деген жазу көрсетіледі.

Қазір жаңарту

Желі қосылымдары арқылы немесе USB флеш- дискісін пайдалану арқылы бағдарламалық құралды жаңарту үшін, «Қазір жаңарту» мүмкіндігін пайдалануға болады. Төменде желі нұсқаулары берілген. USB флеш-дискісі бойынша нұсқаулар келесі бетте берілген.

1.Қазір жаңарту тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

«Қазір жаңарту» қалқымалы терезесі пайда болады.

2.Өнім бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын желіден іздейді.

3.Жаңа нұсқасы табылған жағдайда «Жаңартуды сұрау» қалқымалы терезесі пайда болады.

4.OK түймесін таңдаңыз. Өнім бағдарламалық құралды жаңартып, автоматты түрде өшеді де, қайта қосылады.

5.Бір минут ішінде OK немесе Бас тарту тармағы таңдалмаса, өнім жаңа бағдарламалық құралды сақтайды. Бағдарламалық құралды Автоматты жаңарту түймесін пайдаланып кейінірек жаңартуға болады.

6.Бас тарту параметрін таңдасаңыз, өнім жаңартуды тоқтатады.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Жүйені жаңарту үрдісі аяқталғанда, бағдарламалық құрал туралы толығырақ мәліметтерді «Samsung комп-на хабарласу» экранындағы «Өнім туралы ақпарат» бөлімінен қарап алыңыз.

\\ Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, ойнатқышты өшірмеңіз. Ойнатқыш бұзылып қалуы мүмкін.

04 Параметрлер

Қазақша 31

Page 169
Image 169
Samsung BD-F6500/RU manual Бағдарламалық құралды жаңарту, Қазір жаңарту