Желі қызметтері

Screen Mirroring

Screen Mirroring функциясы смартфонның немесе Аndroid планшетінің экранын Blu-ray ойнатқышына қосқан теледидарда көруге мүмкіндік береді.

1.Blu-ray басты экраны көрсетулі кезде қашықтан басқару құралында КӨК

(D) түймесін басыңыз. Screen Mirroring қалқымалы терезесі пайда болады.

2.Құрылғыларда AllShare Cast бағдарламасын іске қосыңыз.

3.Құрылғыда қол жетімді құрылғылардың тізімінде Blu-ray ойнатқышының атауын табыңыз да, таңдаңыз.

4.ТД PIN кодты көрсетеді. Бұл PIN кодты құрылғыда енгізіңіз.

5.ТД қосылу туралы хабарды (мысалы, Android_92gb... құрылғысына қосылу орындалуда) көрсетеді, содан кейін қосылғаны туралы хабарды көрсетеді.

6.Бірнеше секундтан кейін құрылғының экраны теледидарда пайда болады.

7.Screen Mirroring функциясын тоқтату үшін қашықтан басқару құралындағы EXIT немесе RETURN түймесін басыңыз немесе смартфондағы Screen Mirroring функциясын ажыратыңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ AllShare Cast қызметін қолдайтын құрылғыға қосылуға болады. Өндірушіге қарай, мұндай құрылғыға қосылуға толық қолдау көрсетілмеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Мобильді байланысқа қолдау туралы қосымша ақпаратты өндірушінің веб-торабынан қараңыз.

\\ Screen Mirroring функциясын қолданған кезде, ортаңызға байланысты бейненің тоқталуы немесе дыбыстың жоғалуы мүмкін.

\\ Bluetooth функциясын қолданып жіберу Screen Mirroring сигналына кедергі келтіруі мүмкін. Screen Mirroring функциясын қолданбас бұрын, смартфонда немесе смарт құрылғыда (планшет, т.б.) Bluetooth функциясын өшіруді қатал түрде ұсынамыз.

Веб-браузерді пайдалану

Интернетке Веб-браузер бағдарламасын пайдаланып кіре аласыз.

Басты экранда Веб-браузер тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Веб-браузерді HDMI арқылы BD Wise үйлесімді теледидарға қосылған ойнатқышта іске қосқанда – және BD Wise функциясы қосулы болғанда – браузер экранды толтыратындай жазылады және теледидар ажыратымдылығы оңтайлы ажыратымдылыққа автоматты түрде орнатылады.

\\ Веб-браузер Java бағдарламаларымен үйлесімді емес.

\\ Егер файлды жүктеуге әрекет жасап, файлды сақтау мүмкін болмаса, қате туралы хабар пайда болады.

\\ Электрондық саудаға (өнімдерді желіде сатып алуға) қолдау көрсетілмейді.

\\ ActiveX басқару элементтеріне қолдау көрсетілмейді.

\\ Белгілі бір бизнестер тарапынан басқарылатын кейбір веб- тораптарға немесе веб-браузерлерге қатынас құрсаулануы мүмкін.

Сілтемелерді шолу және меңзермен шолу

Веб-браузер шолудың екі түрін қамтамасыз етеді: меңзермен шолу және сілтемелерді шолу. Браузерді бірінші рет іске қосқанда, меңзермен шолу белсенді болады. Егер веб-браузерде шарлау үшін тінтуірді пайдаланып жатсаңыз, меңзермен шолуды белсенді күйде қалдыру ұсынылады. Егер веб-браузерде шарлау үшін қашықтан басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, меңзермен шолуды сілтемелерді шолуға ауыстыру ұсынылады. Сілтемелерді шолу веб-браузерде бөлектеуді бір сілтемеден екіншісіне жылжытады және қашықтан басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, меңзермен шолудан әлдеқайда тезірек.

Сілтемелерді шолуды белсендіру үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄► түймелерін пайдаланып меңзерді экранның жоғарғы оң жағындағы «Сілтемелер браузері» белгішесіне жылжытыңыз. «Сілтемелер браузері» белгішесі оң жақтан үшінші белгіше болады.

Белгіше көкке айналса және экранда «Сілтемелерді шолу» сөздері пайда блса, меңзер дұрыс күйде болады.

2.v түймесін басыңыз. Сілтемелерді шолу белсендіріледі және веб-браузерді ашқан сайын белсенді болады.

52 Қазақша

Page 190
Image 190
Samsung BD-F6500/RU manual Веб-браузерді пайдалану, Сілтемелерді шолу және меңзермен шолу