ЕСКЕРТПЕ

Сымсыз қабылдау модулін тыңдалатын жердің бір жағына қойыңыз. Сымсыз қабылдау модулі өнімге тым жақын болса, кедергіге байланысты дыбыс жоғалып тұруы мүмкін.

Егер өнімнің қасында микротолқынды пеш, сымсыз жергілікті желі картасы, Bluetooth жабдығы немесе дəл сондай жиілікті пайдаланатын (2,4/5,8 ГГц) басқа құрылғы жұмыс істесе, кедергінің кесірінен дыбыс жоғалып тұруы мүмкін.

Өнім мен сымсыз қабылдау модулі арасындағы сигналдардың таратылу қашықтығы шамамен 10 метр, алайда жұмыс істеу ортасына байланысты əртүрлі болуы мүмкін. Өнім мен сымсыз қабылдау модулі арасында темір бетонды немесе темір қабырға болса, радио толқындар темірден өте алмайтын болғандықтан жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін.

Өнім сымсыз байланыс орнатпаса, өнім мен сымсыз қабылдау модулі арасына идентификатор параметрі қажет болады. Өнім өшіп тұрғанда қашықтан басқару пультіндегі «0»«1»«3»«5» санды түймелерді басып, өнімді қосыңыз. Қосылып тұрғанда сымсыз ресивер модулінің артқы бетіндегі ID SET түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

!АБАЙЛАҢЫЗ

Берілген TX картасынан басқа картаны салмаңыз.

Басқа TX картасы қолданылса, өнім бұзылады немесе карта оңайшылықпен шығарылмайды.

TX картасын төңкеріп немесе теріс жағымен салмаңыз.

TX картасын өнім өшіп тұрғанда салу керек. Қосылып тұрғанда салу ақаулықтарды тудыруы мүмкін.

TX картасы салынып, сымсыз қабылдау модулі реттеліп болса, өнімдегі қосқыштары арқылы көлемдік динамиктен дыбыс шығарылмайды.

Сымсыз қабылдау антеннасы сымсыз қабылдау модулінің ішіне орнатылған. Құрылғыны судан жəне ылғалдан аулақ ұстаңыз.

Дыбыс дұрыс шығуы үшін, сымсыз қабылдау модулінің жанында бөгет болмауы керек.

Сымсыз қабылдау модулінен ешбір дыбыс шықпаса, режимді DVD 5.1 арнасына немесе Dolby ProLogic II дегенге ауыстырыңыз.

2 арналы режимде сымсыз қабылдау модулінен дыбыс шықпайды.

02 Байланыстар

Қазақша 21

Page 222
Image 222
Samsung HT-C5550/XER, HT-C5550P/XER, HT-C5500/XER manual  Берілген TX картасынан басқа картаны салмаңыз