Реттеу

Dynamic Range Control

(Динамикалық диапазонды басқару)

Дыбыстың төмен деңгейінде тыңдап отырып та сұхбатты анық естуге болады. Бұл тек Dolby Digital сигналы анықталған кезде жасалады.

Off : Dynamic Range Control параметрін өшіреді.

On : сөйлесу кезіндегі айтылатын сөздердің анықтығын жоғалтпастан, фильмді көргенде дыбысты төмендету үшін, таңдаңыз.

Auto : Dynamic Range Control параметрі Dolby TrueHD дыбыс жолы қамтамасыз ететін ақпарат негізінде автоматты түрде реттеледі.

AV Sync (Дыбыс пен бейнені қадамдастыру)

Сандық теледидарға жалғанғанда бейне дыбыстан баяу көрінуі мүмкін. Осындай жағдай орын алса, дыбысты кешіктіру уақытын видеомен сəйкестендіріңіз.

Дыбысты кешіктіру уақытын 0 мен 300 мс аралығында қоюға болады. Оны оңтайлы күйге орнатыңыз.

System («Жүйе»)

Initial Settings (Бастапқы параметрлер)

Initial Settings (Бастапқы параметрлер) көмегімен тілді, теледидар экранының пішімін, Musical Auto Calibration (Музыкалық авто мөлшерлеу) жəне Network setting (Желіні реттеу) параметрлерін, т.б. реттеуге болады.

Параметрлер туралы қосымша ақпарат алу үшін, осы пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті тарауды қараңыз.

Internet@TV Screen Size (Internet@TV экранының өлшемі)

Internet@TV экранын оңтайлы өлшемге орнатады.

Size 1 : қолданбаның кіші белгішелерін көрсетеді. Экранның шет жақтарында кейбір қараларын көруге болады.

Size 2 : қолданбаның қалыпты белгішелерін көрсетеді.

Size 3 : қолданбаның ірі белгішелерін көрсетеді. Бейне теледидардың экраны үшін тым үлкен болуы мүмкін.

Anynet+ (HDMI-CEC)

«Anynet+» — Anynet+ қызметі бар басқа Samsung өнімдерімен байланыс үшін қолданылатын қолайлы функция.

Бұл функцияны қолдану үшін, HDMI кабелі арқылы өнімді Samsung теледидарына жалғаңыз. Бұл өнімді Samsung теледидарының қашықтан басқару пульті арқылы қолдануға, ал дискіні ОЙНАТУ (►) түймесін басып ойнатуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін, теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Off : Anynet+ функциясын өшіреді.

On : Anynet+ функцияларын қосады.

ЕСКЕРТПЕ

HDMI кабелі CEC сигналын қолдамаса, бұл функцияны пайдалану мүмкін емес.

Егер Samsung теледидарында nлоготипі болса, ол Anynet+ функциясын қолдайды.

Теледидар түріне қарай, кейбір HDMI шығыс ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін.

Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

BD Data Management (BD деректерін басқару)

BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісінен жүктелген мазмұнды басқаруға мүмкіндік береді.

Сақтау көлемі сияқты құрылғы туралы ақпаратты тексеруге, BD деректерін жоюға немесе құрылғыны өзгертуге болады.

*BD-LIVE қызметінен мазмұн жүктеп алу үшін, USB ұяларының біріне (Сымсыз жергілікті желі ұясын да USB ұясы ретінде қолдануға болады) көлемі кемінде 1 ГБ болатын USB жад құрылғысын қосу керек.

Settings

Display

BDOnData-ScreenManagementMenu :

Audio

Disc Menu

:

 

 

Current Device

: Internal Flash Memory

System

Total Size Audio

: 955 MB

:

 

Network

Subtitle

: 949 MB

:

 

 

Available Size

 

 

Language Delete BD Data

 

 

Security

Change Device

: Internal Flash Memory

General

 

 

 

 

Support

>Move sSelect

rReturn

 

 

 

 

 

36 Қазақша

Page 237
Image 237
Samsung HT-C5550/XER, HT-C5550P/XER manual Dynamic Range Control, AV Sync Дыбыс пен бейнені қадамдастыру, Anynet+ HDMI-CEC