Байланыстар

Бейне сигналының шығыс ұясын теледидарға жалғау

 

Қызыл Көк

Жасыл

1-ƏДІС

LAN

COMPONENT OUT

 

 

 

 

2-ƏДІС

 

 

Сары

 

WIRELESS LAN

AUX IN

VIDEO OUT

 

1-ƏДІС: Құрамдас бейне (ЖАҚСЫРАҚ САПА)

Теледидарда Component Video (Құрамдас бейне) кіріс ұялары бар болса, өнімнің артқы жағындағы Component Video Output (Құрамдас бейненің шығысы) (Pr, Pb жəне Y) ұяларынан Құрамдас бейненің кабелін (жинақпен бірге берілмейді) теледидардың Component Video Input (Құрамдас бейненің кірісі) ұяларына жалғаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Көптеген ажыратымдылық параметрлерінің арасынан Blu-ray дискілері үшін диск түріне байланысты 1080i, 720p, 576p(480p) жəне 576i(480i) сияқты параметрлерді таңдауға болады. (31-бетті қараңыз)

Егер құрамдас жəне HDMI кабелінің екеуі де жалғанып тұрса, нақты ажыратымдылықтың Setup (Реттеу) мəзіріндегі параметрден айырмашылығы болуы мүмкін. Ажыратымдылық дискіге байланысты да басқа болуы ықтимал. (31-бетті қараңыз)

Бейне қосылымын орнатқаннан кейін, теледидардағы бейне кіріс көзін өнімнің тиісті бейне шығысына (HDMI, компонентті немесе біріктірілген) сəйкес келетін етіп орнатыңыз. Теледидардың бейне кірісінің көзін таңдау туралы қосымша ақпаратты теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан табуға болады.

Қашықтан басқару пульті теледидарды басқаратын етіп реттелген болса, қашықтан басқару пультіндегі TV SOURCE түймесін басып, теледидардың сыртқы көзі ретінде COMPONENT параметрін таңдаңыз.

DVD дискісі ойнатылғанда, HDMI жəне Құрамдас сигналдары ұяларының екеуі де жалғанған болып, Құрамдас 1080p, 1080i, 720p немесе 576p(480p) режимі таңдалған болса, Display Setup (Дисплей параметрлерін реттеу) мəзірінде шығыс ажыратымдылығы ретінде 1080p, 1080i, 720p немесе 576p(480p) көрсетіледі. Əдетте 576i(480i) ажыратымдылығы көрсетіледі.

2-ƏДІС: Құрамдас бейне (ЖАҚСЫ САПА)

Өнімнің артқы жағындағы VIDEO OUT ұясындағы бейне кабельді теледидардың VIDEO IN ұясына қосыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Реттеу мəзіріндегі таңдалған ажыратымдылыққа қарамастан VIDEO көзінен шығатын сигнал əрқашан 576i(480i) ажыратымдылығымен беріледі. (31-бетті қараңыз)

Бейне қосылымын орнатқаннан кейін, теледидардағы бейне кіріс көзін өнімнің тиісті бейне шығысына (HDMI, Құрамдас немесе Біріктірілген) сəйкес келетін етіп орнатыңыз. Теледидардың бейне кірісінің көзін таңдау туралы қосымша ақпаратты теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан табуға болады.

Қашықтан басқару пульті теледидарды басқаратын етіп реттелген болса, қашықтан басқару пультіндегі TV SOURCE түймесін басып, теледидардың сыртқы көзі ретінде VIDEO параметрін таңдаңыз.

!АБАЙЛАҢЫЗ

Құралды VCR ұясы арқылы жалғауға болмайды. VCR ұялары арқылы берілетін бейне сигналдарына авторлық құқық қорғау жүйелері əсер еткен болуы мүмкін, сондықтан теледидар арқылы көрсетілетін бейне бұрмалануы мүмкін.

24 Қазақша

Page 225
Image 225
Samsung HT-C5550/XER, HT-C5550P/XER manual Əдіс Құрамдас бейне Жақсырақ Сапа, Əдіс Құрамдас бейне Жақсы Сапа, 24 Қазақша