Қауіпсіздік ақпараты

Дискілерді қолдану жəне сақтау бойынша ескертулер

Дискідегі сызаттар дыбыстың жəне суреттің сапасын азайтуы немесе кейбір үзінділердің еленбеуін тудыруы мүмкін.

Əсіресе, қолданғанда дискілерге сызат түсірмеуге тырысыңыз.

Дискілерді қолмен ұстау

Дискінің ойнатылатын бетін ұстамаңыз.

Саусақтар бетке тимейтіндей дискіні шеттерінен ұстау керек.

Дискіге қағаз немесе таспа жапсырмаңыз.

Дискіні сақтау

Күн сəулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.

Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.

Таза қорғау қаптамасында сақтаңыз. Тігінен қойып сақтаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Дискінің кірленуіне жол бермеңіз.

Шытынаған немесе беті сызылған дискілерді салмаңыз.

Дискілерді қолдану жəне сақтау

Дискіде саусақ іздері немесе кір болса, оны сумен араластырылған жұмсақ жуу затымен тазалаңыз, сөйтіп жұмсақ матамен сүртіңіз.

Лицензия

«Бұл өнім АҚШ патенттерімен жəне Rovi корпорациясының басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған көшіруден қорғау технологиясымен жабдықталған. Кері жобалауға жəне бөлшектеуге тыйым салынады.»

DIVX БЕЙНЕ ПІШІМІ ТУРАЛЫ: DivX® – DivX Inc. компаниясы жасаған сандық бейне пішімі. Бұл DivX бейне файлдарын ойнататын ресми DivX сертификатталған құрылғы. Қосымша ақпарат алу жəне файлдарды DivX бейне пішіміне өзгерту үшін, «www.divx.com» веб-сайтын қараңыз.

СҰРАУ БОЙЫНША DIVX БЕЙНЕСІ ТУРАЛЫ: Сұрау бойынша DivХ бейнесі (VOD) мазмұнын ойнату үшін, DivX® сертификаты бар құрылғыны тіркеу керек. Тіркелу кодын жасау үшін, құрылғының параметрлер мəзірінде DivX VOD бөлімін табыңыз. Тіркелуді аяқтау жəне DivX VOD туралы қосымша мəлімет алу үшін, осы кодпен «vod.divx.com» веб- сайтына барыңыз.

DivX жоғары сапалы дерекпен бірге айқындығы 1080p болатын DivX бейнені сертификатталған.

Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған. Dolby, Pro Logic жəне қос D таңбасы Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері болып табылады.

Авторлық құқық

© 2010 Samsung Electronics Co., Ltd. Барлық құқықтары қорғалған.

Тазалағанда дискінің ішінен сыртына қарай сүртіңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Өнімнің ішіндегі суық бөліктерге жылы ауа тигенде су тамшылары пайда болуы мүмкін. Ішінде су тамшылары пайда болса, өнім дұрыс жұмыс істемейді. Бұндай жағдай орын алса, дискіні шығарып, ойнатқышты қуат көзіне қосылған күйде 1 немесе 2 сағат қойып қойыңыз.

4 Қазақша

Page 205
Image 205
Samsung HT-C5550P/XER manual Дискілерді қолмен ұстау, Дискіні сақтау, Дискілерді қолдану жəне сақтау, Авторлық құқық