Сақтық шаралар

Үйіңіздегі айнымалы ток көзі өнімнің артында орналасқан идентификациялық жапсырмада көрсетілгенге сай екеніне көз жеткізіңіз.

Өнімді ыңғайлы жерге (жиһаздың үстіне), айналасында желдетуге жеткілікті бос орын (7.5-10 сам) қалдырып, көлденең қойыңыз.

Өнімді күшейткіштердің немесе ысатын басқа жабдықтың үстіне қоймаңыз. Желдеткіш ұялардың жабылып қалмауын қадағалаңыз.

Өнімнің үстіне ештеңе қоймаңыз.

Өнімді жылжытпас бұрын, диск тартпасы бос екеніне көз жеткізіңіз.

Өнімді ток көзінен толық ажырату үшін, əсіресе ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, штепсельдік ұшты розеткадан суырып алыңыз.

Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырып алыңыз. Найзағайдан кернеудің күрт жоғарылауы өнімді зақымдауы мүмкін.

Өнімді күн сəулесі немесе басқа жылу көздері түсетін жерде сақтамаңыз. Бұл өнімнің шамадан тыс қызуына жəне дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.

Өнімді ылғалдан, шамадан тыс жылудан жəне күшті магниттік немесе электр өрістерін тудыратын жабдықтардан (мысалы, динамиктер) қорғаңыз.

Өнім жұмысында ақаулық пайда болса, қуат кабелін айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.

Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл өнім тек жеке пайдалануға арналған.

Өнім немесе диск суық жерде сақталған болса, конденсация орын алуы мүмкін. Қыста тасымалданса, пайдалану алдында өнім бөлме температурасына дейін жылығанша шамамен 2 сағат күтіңіз.

Осы өнімнің батареяларында қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар. Батареяларды үй қоқысымен бірге тастамаңыз.

Қазақша 3

Page 204
Image 204
Samsung HT-C5550/XER, HT-C5550P/XER, HT-C5500/XER manual Сақтық шаралар