Іске пайдалану

Су төгу үшін

Су шүмегінің астына стакан қойып, стаканыңызбен су диспенсерінің тұтқасын абайлап итеріңіз.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Су алып жатқанда шашырап кетпеу үшін стаканның диспенсерге дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.

Су диспенсерін 2-3 күн пайдаланбасаңыз, алынған судан біртүрлі иіс шығуы немесе дәм сезілуі мүмкін. Бұл жүйенің ақауы емес. Бастапқы 1-2 стакан суды төгіп тастаңыз.

Мұз жасау (қол жетімді үлгілерде ғана)

Бұл тоңазытқыш сүзгіден өткізілген судан жасалған мұз текшелерін немесе ұсақталған мұздарды рахаттана пайдалану үшін автоматты мұз жасағышпен жабдықталған.

Іске

C

AB

Диспенсерден мұз берілмесе, мұз жасағыштың мұзды дұрыс жасап тұрғанына көз жеткізіңіз.

Мұз жасағышты тексеру үшін

1.Мұз себетін (B) екі қолыңызбен абайлап ұстап тұрып, мұз науасынан (A) алыңыз.

2.Мұз себетіндегі мұз мөлшерінің дұрыс екенін тексеріңіз.

3.Содан кейін мұз себетінің қақпағын (C) ұстап тұрып, шамалы көтеріп алыңыз.

пайдалану

D

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

4.Мұз жасағыштың бүйіріндегі Сынақ (D) түймесін басыңыз. Түймені басқан кезде сигнал (дин-дон) естіледі.

5.Мұз жасағыш дұрыс жұмыс істеп тұрса, тағы сигнал естіледі.

ЕСКЕРТПЕ

Бұл белгі жалғасса, су желісін орнатушыға немесе жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Науа мұзға немесе суға толы тұрса, түймені үздіксіз баспаңыз. Су төгілуі немесе мұз кептелуі мүмкін.

Ток сөніп қалғаннан кейін тоңазытқыш қайта токқа қосылғанда, мұз себетінде еріген мұз бен кептелген мұз текшелері тұруы және бұл жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін тоңазытқышты пайдалану алдында мұз себетін босатыңыз.

Мұз себетін құлатып алмау үшін, мұз себетін қос қолыңызбен алып-салыңыз.

Балаларға мұз себетіне немесе мұз диспенсеріне тартылып тұруға немесе олармен ойнауға жол бермеңіз. Балалар бір жерлерін ауыртып алуы мүмкін.

48 Казақ

Untitled-4 48

2017-12-14 ￿￿ 7:22:36

Page 112
Image 112
Samsung RS62K6130S8/WT, RS62K6130FG/WT manual Мұз жасау қол жетімді үлгілерде ғана, Су төгу үшін