Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз. Мұздатқыш бөлікке газдалған немесе көпіршитін сусындарды қоймаңыз. Бөтелке немесе шыны сауыттарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.

-- Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақат алуы мүмкін.

Тоңазытқыштағы мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.

Тоңазытқыштың сумен жабдықтау жүйесін тек ауыз су құбырына ғана қосыңыз. Мұз жасағыш дұрыс жұмыс жасау үшін судың қысымы 20 ~ 125 psi (138 ~ 862 кПа) болуы керек. Үйден ұзақ уақытқа кетіп бара жатсаңыз (мысалы, демалысқа) және су немесе мұз диспенсерлерін пайдаланбайтын болсаңыз, судың кранын жабыңыз.

-- Себебі, су ағуы мүмкін.

Тоңазытқышты ұзақ уақыт (3 апта не бұдан көп) пайдаланбайтын болсаңыз, тоңазытқышты соның ішінде, мұз себетін босатып, ток көзінен ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.

Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін:

-- Тағамдарды тоңазытқыштың артқы жағындағы желдеткіш саңылауларға тым жақын қоймаңыз, себебі тоңазытқыш бөліктің ішіндегі ауаның еркін айналуына кедергі жасайды.

-- Тағамды тоңазытқышқа қояр алдында, дұрыс ораңыз немесе ауа кірмейтін сауыттарға салыңыз.

-- Мұздатқыш бөлікке шыны шөлмектерді немесе газдалған сусындарды қоймаңыз. Мұздап, жарылып кетуі мүмкін. Сынған сусынның ыдыстары жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

-- Мұздатылған тағамдардың ең ұзақ сақтау уақыты мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

16 Казақ

Untitled-4 16

2017-12-14 ￿￿ 7:22:28

Page 80
Image 80
Samsung RS62K6130S8/WT, RS62K6130FG/WT manual Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар