Су үлестіргіш тесікке, мұз науасына және мұз жасағыштың себетіне ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.

-- Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.

Тұтанғыш спрей, тұтанғыш заттар, құрғақ мұз, дәрі-дәрмек немесе химикат тәрізді температураға сезімтал заттарды құрылғының қасында пайдаланбаңыз немесе ішіне қоймаңыз.

Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз. Тоңазытқыштың ішіне жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шамды қоймаңыз.

-- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Су сауытын, мұз науасын және мұз текшелері науасын ауыз суымен ғана (минералды немесе тазартылған сумен) толтырыңыз.

-- Сауытқа шай, сок немесе энергетикалық сусын құймаңыз, себебі мұздатқышқа зақым келуі мүмкін.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.). Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін. Су құйылған сауытты құрылғының үстіне қоймаңыз.

-- Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.

Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.

Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.

Ультракүлгін LED шамына ешқашан ұзақ уақыт тура қарамаңыз.

-- Себебі ультракүлгін сәулелердің әсерінен көзіңіз талығуы мүмкін.

Тоңазытқыштың сөресін төңкеріп қоймаңыз. Сөренің тірегіші жұмыс істей алмайды.

-- Шыны сөре құлап кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Казақ 13 

Untitled-4 13

2017-12-14 ￿￿ 7:22:28

Page 77
Image 77
Samsung RS62K6130FG/WT, RS62K6130S8/WT manual Казақ 13