Қуатты үнемдеу туралы кеңес

Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз. Құрылғыны күн сәулесі тура түсетін және қызу көздерінен (мысалы, батарея) жылу тура келетін жерге қоймаңыз.

Қуатты пайдалану тиімділігін сақтау үшін саңылаулар мен торларды бітемеуді ұсынамыз.

Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.

Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз. Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын, тоңазытқыштағы тағамды салқындату үшін қолдануға болады.

Тағам салғанда немесе алған кезде, тоңазытқыштың есігін өте ұзақ ашпаңыз. Есікті неғұрлым аз ашсаңыз, мұздатқышқа барынша аз мұз қатады.

Тоңазытқышты орнатқан кезде артқы жағы мен бүйір жақтарынан орын қалдыруды ұсынамыз. Бұл қуатты аз пайдаланып, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.

Қуатты барынша тиімді пайдалану үшін себеттер, тартпалар, сөрелер тәрізді ішкі керек-жарақтардың барлығын өндіруші көрсеткен жерлерге қойыңыз.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты, дүкендердегі қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде,

кеңселерде және басқа жұмыс орындарында пайдалануға арналған;

ферма үйлерінде, қонақ үйдің қонақтары және басқа тұрғында жерлерде;

төсек және таңғы аспен жабдықтайтын жерлерде;

қоғамдық тағам орындарында және сол сияқты бөлшек сауда жасамайтын жерлерде.

Казақ 23 

Untitled-4 23

2017-12-14 ￿￿ 7:22:29

Page 87
Image 87
Samsung RS62K6130FG/WT, RS62K6130S8/WT manual Қуатты үнемдеу туралы кеңес