Samsung RS62K6130S8/WT, RS62K6130FG/WT manual Ескерту Өрт қаупі бар / тұтанғыш материалдар

Models: RS62K6130S8/WT RS62K6130FG/WT

1 192
Download 192 pages 7.05 Kb
Page 68
Image 68

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Себебі төменде көрсетілген іске пайдалану нұсқаулары әр түрлі құрылғыларға арналғандықтан, тоңазытқышыңыздың техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселе немесе сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung. com веб-сайтынан ақпарат немесе көмек алыңыз.

Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Құрылғыда тұтанғыш газ (R-600a салқындатқышы) қолданылса, құрылғыны дұрыс тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.

Салқындатқыш сұйық аққан жағдайда газ бен ауа аралас тұтанғыш қоспа пайда болмас үшін, құрылғы тұратын бөлменің кеңдігі, салқындатқыш сұйықтың мөлшеріне байланысты анықталады.

Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Егер күмәндансаңыз, дилерге хабарласып кеңес алыңыз. Бөлменің ауданы құрылғының ішіндегі R-600a тоңазытқыш сұйығының әр 8 грамы үшін 1 м³ болуға тиіс.

Құрылғыңыздағы тоңазытқыш сұйықтың мөлшері, құрылғының ішіндегі техникалық параметр тақтайшасында көрсетілген.

Тоңазытқыш сұйық түтіктерден атқыласа, тұтануы немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. Тоңазытқыш сұйық түтіктен аққан кезде құрылғының қасында ашық оттың болмауын қамтамасыз етіп, тұтанғыш заттарды алыс қойыңыз да, бөлмені дереу желдетіңіз.

-- Бұлай істемесеңіз, өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.

Ескерту; Өрт қаупі бар / тұтанғыш материалдар

4 Казақ

Untitled-4 4

2017-12-14 ￿￿ 7:22:28

Page 68
Image 68
Samsung RS62K6130S8/WT, RS62K6130FG/WT manual Ескерту Өрт қаупі бар / тұтанғыш материалдар