Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын қалдырылған. Балалар жақын жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.

Газ жылыстап шыққанын байқасаңыз, ашық от көзінің немесе басқа да газды тұтандыруы мүмкін заттардың жоқ екенін тексеріңіз де, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.

-- Құрылғыға немесе қуат сымына қол тигізбеңіз. -- Желдеткішті қолданбаңыз.

-- Жарқыл пайда болып, жарылысқа немесе өртке ұласуы мүмкін.

Өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті жеткізген LED шамдарын ғана қолданыңыз.

Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын орналастырып қою керек.

Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.

Су үлестіргіш тесікке, мұз науасына және мұз жасағыштың себетіне ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.

-- Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.

Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет етпеңіз.

Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір сым т.б.) пайдаланбаңыз.

Тоңазытқышты жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын жердегі сервис орталығына хабарласыңыз.

-- Бұлай істемеген кезде, электр қатері, өрт, құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін.

Ішкі немесе сыртқы LED шамы жанып кетсе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тоңазытқыштан тұтанған иіс немесе түтін шыққаны байқалса, дереу ток көзінен ағытыңыз да, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-- Бұлай істемесеңіз, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.

14 Казақ

Untitled-4 14

2017-12-14 ￿￿ 7:22:28

Page 78
Image 78
Samsung RS62K6130S8/WT, RS62K6130FG/WT manual 14 Казақ