Samsung RS62K6130FG/WT, RS62K6130S8/WT manual Казақ 17 

Models: RS62K6130S8/WT RS62K6130FG/WT

1 192
Download 192 pages 7.05 Kb
Page 81
Image 81

-- Үш аптадан аз уақытқа кететін кезде тоңазытқышты тоқтан ажыратудың қажеті жоқ. Дегенмен, үш аптадан ұзақ уақытқа кетіп бара жатсаңыз, барлық тағамдарды және мұз себетіндегі мұзды алып, тоңазытқышты ток көзінен ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.

Мұздатқыш бөлікке стакандарды немесе шөлмектерді немесе газдалған сусындарды қоймаңыз.

-- Сауыт мұздап, жарылып кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.

Мұздатқыш бөлікке газдалған немесе көпіршитін сусындарды қоймаңыз. Бөтелке немесе шыны сауыттарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.

-- Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақат алуы немесе мүлікке зиян келуі мүмкін.

Қызмет кепілдігі және өзгерту.

-- Бұл дайын құрылғыға 3-ші тарап енгізген кез келген өзгеріске Samsung тарапынан кепілді қызмет көрсетілмейді, сондай-ақ, Samsung 3-ші тарап енгізген өзгертуден туындаған, қауіпсіздікке қайшы жағдайлар үшін жауапкершілік көтермейді.

Тоңазытқыштың ішіндегі ауа саңылауларын бітемеңіз.

-- Ауа саңылаулары бітелсе, әсіресе пластик қалтамен бітелсе, тоңазытқыш қатты салқындап кетуі мүмкін. Салқындату циклы өте ұзаққа созылса, су сүзгісі сынып, су ағып кетуі мүмкін.

Тоңазытқышпен бірге жеткізілген мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.

Ішіндегі артық ылғалды сүртіңіз де, есіктерін ашық қалдырыңыз. -- Әйтпесе, жағымсыз иіс, зең пайда болуы мүмкін.

Тоңазытқыш электр желісінен ағытылып қалса, қайта қосар алдында кемінде бес минут күтіңіз.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Казақ 17 

Untitled-4 17

2017-12-14 ￿￿ 7:22:28

Page 81
Image 81
Samsung RS62K6130FG/WT, RS62K6130S8/WT manual Казақ 17