ҚАДАМ: 3 Деңгейі реттегіш тіректерді ретке келтіріңіз

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Тоңазытқышты тегіс, қатты еденге қойып деңгейін реттеу керек. Бұлай істемегенде тоңазытқышқа зақым келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Тоңазытқыштың деңгейін тоңазытқыш бос тұрған кезде реттеу керек. Тоңазытқыштың ішінде ешбір тағам жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Қауіпсіз болу үшін алдыңғы тіректерін артқы тіректерден сәл биіктетіңіз.

Тоңазытқыштың деңгейін реттеу үшін, деңгейді реттеуге арналған арнайы бұрандасы (деңгейлегіші) бар алдыңғы тіректерін қолдануға болады. Деңгейді реттеу үшін жалпақ басты бұранда бұрағышты пайдаланыңыз.

Мұздатқыш жақтың биіктігін реттеу үшін:

Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты мұздатқыш жақтағы алдыңғы тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Биіктету үшін деңгейлегішті сағат тілінің бағытымен, төмендету үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

Тоңазытқыш жақтың биіктігін реттеу үшін:

Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты тоңазытқыш жақтағы алдыңғы тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Биіктету үшін деңгейлегішті сағат тілінің бағытымен, төмендету үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

Казақ 31 

Орнату

Untitled-4 31

2017-12-14 ￿￿ 7:22:31

Page 95
Image 95
Samsung RS62K6130FG/WT manual ҚАДАМ 3 Деңгейі реттегіш тіректерді ретке келтіріңіз, Мұздатқыш жақтың биіктігін реттеу үшін