Басқа жанармай түрлерімен, оның ішінде ашық отпен жанатын қолданбалардан шығатын газдың бөлмеге кері қарай кіруіне жол бермеу үшін жеткілікті желдетілу қамтамасыз етілуі тиіс.

Жуылмаған заттарды кептіргіште кептіруге болмайды.

Өсімдік майымен, ацетон, спирт, бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және балауыз кетіргіштер сияқты заттармен ластанған заттарды кептіргіште кептіруден бұрын қосымша жуғыш зат қосылған ыстық сумен жуып алған жөн.

Поролонды (латекс көбігі), душқа киетін қалпақты, су өткізбейтін текстильді, резеңке астары бар бұйымдарды және поролон материалмен толтырылған киімдерді немесе жастықтарды кептіргіште кептіруге болмайды.

Мата жұмсартқыштар немесе ұқсас өнімдерді мата жұмсартқыш нұсқауларында көрсетілгендей пайдалану керек.

Кептіргіштің соңғы циклі заттардың зақымдалмауын қамтамасыз ететін температурада қалуын қамтамасыз ету үшін жылусыз (салқындату циклі) жұмыс істейді.

Қалтадағы шақпақ және сіріңке сияқты барлық заттарды алып тастаңыз.

ЕСКЕРТУ: Кептіргіштің ішіндегі барлық заттар алынбайынша және жылуы тарамайынша, кептіргішті кептіру циклі аяқталмастан бұрын ешқашанда тоқтатпаңыз.

Пайдаланылған ауа газды не басқа отын түрін жағатын құрылғылардан шығатын күйе үшін қолданылатын құбырға айдалмауы керек.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қазақша 7

WD80J7260GW_03509B-03-KK.indd 7

2017/3/7 15:30:54

Page 127
Image 127
Samsung WD80J7250GW/LP, WD80J7250GX/LP manual Қазақша 7