Техникалық қызмет көрсету

Техникалық қызмет көрсету

4. Жұмсақ қылшақ көмегімен жәшік қуысын тазалаңыз.

5. Босату клапанын және сұйық кір жуу құралының контейнерін жәшікке қайта енгізіңіз.

6. Жабу үшін жәшікті ішке қарай сырғытыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Қалған кір жуу құралын жою үшін бос барабанмен ПОЛОСКАНИЕ+ОТЖИМ (ШАЮ+АЙНАЛДЫРУ) циклін орындаңыз.

Қатудан кейін қалпына келтіру

Температура 0 °C төмендегенде кір жуу машинасы мұздауы мүмкін.

1.Кір жуу машинасын өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз.

2.Су жеткізу шлангісін босату үшін су шүмегі арқылы жылы суды төгіңіз.

3.Су жеткізу шлангісін ажыратып, оны жылы суға салыңыз.

4.Жылы суды барабан ішіне құйып, 10 минут қойыңыз.

5.Су жеткізу шлангісін су шүмегіне қайта жалғаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Кір жуу машинасы әлі қалыпты жұмыс істемесе, қалыпты түрде жұмыс істегенге дейін жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз.

Ұзақ уақыт пайдаланбай тұруға қарсы күтім

Кір жуу машинасын ұзақ уақыт пайдаланбаудың алдын алыңыз.

Бұл жағдайда кір жуу машинасының суын ағызып, қуат сымын ажыратыңыз.

1.ПОЛОСКАНИЕ+ОТЖИМ (ШАЮ+АЙНАЛДЫРУ) опциясын таңдау үшін Цикл таңдағышты бұраңыз.

2.Барабанды босатып, Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.

3.Цикл аяқталғанда су шүмегін жауып, су жеткізу шлангісін ажыратыңыз.

4.Кір жуу машинасын өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз.

5.Барабан арқылы ауаны айналдыру үшін есікті ашыңыз.

48 Қазақша

WD80J7260GW_03509B-03-KK.indd 48

2017/3/7 15:31:01

Page 168
Image 168
Samsung WD80J7250GX/LP, WD80J7250GW/LP manual Қатудан кейін қалпына келтіру, Ұзақ уақыт пайдаланбай тұруға қарсы күтім