Құрылғыны пайдалану

Басқа құрылғыларға жалғау

Level Link және қосылған аудио құрылғылар арасындағы дыбыс сапасы және пайдалану ауқымы Bluetooth қолдайтын аудио құрылғыларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Алу режимінде қосу

Level Link Bluetooth қолдайтын құрылғыларға қосылған болса, кіріс қоңырауларды қабылдауға немесе музыканы тыңдауға болады. Бірінші рет іске қосқан кезде Level Link Bluetooth жұптастыру режиміне енеді.

Level Link құрылғысы Bluetooth арқылы басқа құрылғылармен бірінші рет

жұптағанда Level Link жұпталған құрылғыларға автоматты түрде қосылады. Қосылмаса, Level Link Bluetooth жұптастыру режиміне кіреді.

Level Link сегіз құрылғыға дейін құрылғы туралы ақпаратты сақтай алады. Бірнеше құрылғыға қосылған болса, Level Link соңғы жұпталған құрылғыға қосылады.

1

2

 Level Link  Алу режимін белсендіру үшін режим қосқышын солға сырғытыңыз.

 Level Link  Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін көп функция түймесін шамамен 3 секунд бойы басып тұрыңыз.

3  Екінші құрылғы  Bluetooth мүмкіндігін белсендіріңіз және Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.

Қосымша ақпаратты екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Қазақ тілі

11

9