Құрылғыны пайдалану

Қоңырау кезінде опцияларды пайдалану

Дыбыс деңгейін реттеу

Қоңырау кезінде дыбыс деңгейін реттеу үшін дыбыс деңгейі түймесін басыңыз.

Дыбыс шығысын ауыстыру

Қоңырауларды Level Link құрылғысынан қосылған құрылғыға тасымалдау үшін қоңырау түймесін басып тұрыңыз. Бұл мүмкіндік қосылған құрылғыға байланысты қол жетімді болмауы мүмкін.

Қоңырауды аяқтау

Қоңырауды аяқтау үшін қоңырау түймесін басыңыз.

Мультимедиалық файлдарды ойнату

Алу немесе жіберу режимінде мультимедиалық файлдарды ойнату. Пайдаланылып жатқан режимге байланысты қол жетімді мүмкіндіктер өзгеріп отыруы мүмкін.

Мультимедиалық файлды ойнату және тоқтату

Қосылған құрылғыда соңғы мультимедиалық файлды ойнату үшін көп функция түймесін басыңыз.

Ойнатуды кідірту көп функция түймесін басыңыз. Ойнатуды жалғастыру үшін көп функция түймесін қайтадан басыңыз.

Алдыңғы немесе келесі мультимедиалық файлға өту

Ойнату кезінде алдыңғы немесе келесі файлға өту үшін REW түймесін немесе FF түймесін басыңыз.

Қазақ тілі

16

14