Қосылымдар

Бұл бөлімде өнімді басқа сыртқы құрамдас бөліктерге қосудың әртүрлі әдістері сипатталған. Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

Динамиктерді қосу

Сабвуфер Ортаңғы

Алдыңғы (О)

Өнім

Көлемді (О)

Алдыңғы (С)

Өнімнің орны

Оны тірекке немесе шкафтың сөресіне не болмаса ТД үстелінің астына қойыңыз.

Тыңдау орнын таңдау

Тыңдау орны теледидардан оның экранының өлшемінен 2,5-3 есе асатын қашықтықта болуы қажет.

Мысалы, экранның өлшемі 46 дюйм болса, тыңдау орнын экраннан 2,92- 3,50 метрге орналастырыңыз.

Көлемді (С)

Алдыңғы динамиктер

Ортаңғы динамик

Көлемді динамиктер

Сабвуфер

Бұл динамиктерді тыңдау орнының алдына, сізге қарай ішке қаратып (шамамен 45°) орналастырыңыз. Алдыңғы динамиктерді жоғары жиілік дауыс зорайтқыштары құлағыңызбен бір биіктікте болатындай орналастырыңыз. Алдыңғы динамиктердің алдыңғы жағын ортаңғы динамиктің алдыңғы жағына дәлдеп немесе одан сәл алға шығарып орналастырыңыз.

Ортаңғы динамикті алдыңғы динамиктермен бір биіктікте орнатқан дұрыс. Сондай-ақ, оны теледидардың дәл үстіне немесе астына орнатуға болады.

Бұл динамиктерді тыңдау орнының жанына орналастырыңыз. Орын жетпесе, бұл динамиктерді бір-біріне қаратып орналастырыңыз. Оларды сәл төмен қаратып, құлағыңыздан 60-90 см жоғары болатындай орналастырыңыз.

*Алдыңғы және ортаңғы динамиктерден өзгешелігі — көлемді динамиктер көбінесе дыбыс әсерлері үшін қолданылады. Олардан дыбыс әрдайым шығып тұрмайды.

Сабвуфердің орны аса маңызды емес. Оны қалаған жерге қойыңыз.

*Динамиктеріңіздің сыртқы түрі осы нұсқаулықтағы суреттердегіден өзгеше болуы мүмкін.

*Динамиктердің кабельдерін динамиктің артындағы түсті жапсырмаға сәйкес келтіріп, дәл сондай түстегі ұяшыққа салыңыз. Нақты нұсқауларды 9-беттен қараңыз.

8 - Қазақша

Page 57
Image 57
Samsung HT-H5530K/RU, HT-H5550K/RU Қосылымдар, Динамиктерді қосу, Сабвуфер Ортаңғы Алдыңғы О Өнім, Алдыңғы С Өнімнің орны