Auto Upgrade Notification

Өнім желіге жалғанған және Auto Upgrade Notification параметрі қосулы болса, бағдарламаның жаңа нұсқасы қол жетімді болғаны туралы өнім қалқымалы хабар арқылы ескертеді.

1.Өнімді қосыңыз.

2.Software Upgrade мәзірінде Auto Upgrade Notification үшін On параметрін таңдаңыз. Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы бар болса, өнім қалқымалы хабар арқылы ескертеді.

3.Микробағдарламаны жаңарту үшін, Yes жауабын таңдаңыз. Өнім автоматты түрде өшіп, қосылады да, жаңартуды бастайды.

4.Жаңарту жүрісі туралы қалқымалы хабар шығады. Жаңарту аяқталған кезде, өнім қайтадан автоматты түрде өшеді.

5.ҚУАТ түймесін басып өнімді қосыңыз.

DLNA функциясының

параметрлерін орнату

DLNA функциясы өнім көмегімен компьютердегі музыка, бейне және фотосурет файлдарын ойнатуға мүмкіндік береді. DLNA функциясын пайдалану үшін, өнімді компьютерге желі арқылы жалғап

(12-бетті қараңыз), компьютерге SAMSUNG PC Share Manager бағдарламасын орнату керек.

DLNA бағдарламалық құралын жүктеп алу

Компьютерде DLNA функциясын пайдалану үшін, компьютерге DLNA бағдарламалық құралын орнату керек. «Samsung.сom» веб-торабынан компьютер бағдарламалық құралын жүктеп алуға және DLNA функциясын пайдалану туралы толық нұсқауларды алуға болады.

1.«www.samsung.com» веб-торабына өтіңіз.

2.Беттің жоғарғы жағындағы SUPPORT түймесін басыңыз.

3.Іздеу өрісіне өнім үлгісінің нөмірін енгізіңіз. Үлгі нөмірін енгізгеннен кейін ашылмалы тізім үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4.Ашылмалы тізімдегі өнім үлгісінің нөмірін тінтуірдің сол жағымен басыңыз.

5.Ашылған бетте төмен қарай жылжып, Firmware Manuals & Downloads түймесін басыңыз.

6.Software қойындысын ашыңыз.

7.Бағдарламалық құрал қойындысындағы DLNA жолының оң жағындағы «EXE» белгішесін басыңыз.

8.Пайда болған қалқымалы терезеде Send түймесін басыңыз. Келесі қалқымалы терезеде Save File түймесін басыңыз.

9.Дискідегі DLNA бағдарламалық құралын орнату файлын тауып, файлды екі рет басыңыз.

10.Пайда болған қалқымалы терезеде Run түймесін басып, экранда пайда болған нұсқауларды орындаңыз.

Дәл сол «Software Tab» (Бағдарламалық құрал) қойындысынан оң жақтағы «File» (Файл) бағанындағы тиісті PDF файлының таңбасын басу арқылы DLNA бағдарламалық құралын орнату/пайдалану нұсқаулығын жүктеп алыңыз. PDF пішіміндегі файл жүктеліп, ашылады. DLNA технологиясын орнату және параметрлерін реттеу үшін нұсқауларды орындаңыз. Файлды қарауға және/немесе сақтауға болады.

DLNA технологиясын смартфоныңызбен пайдалану үшін үй кинотеатрын және смартфонды бір желіге жалғау керек.

Параметрлер

23 - Қазақша

Page 72
Image 72
Samsung HT-H5550K/RU, HT-H5530K/RU manual Auto Upgrade Notification, Dlna функциясының Параметрлерін орнату