Мазмұнды Ойнату

-қысқа толқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, люминесцентті шамдар және газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысымен бірдей жиіліктер ауқымын пайдаланатынын ескеріңіз, бұл өз кезегінде электр кедергісін тудыруы мүмкін.

Bluetooth функциясымен немесе ұялы телефон сияқты басқа құрылғылармен жақсы үйлесуі үшін құрылғының соңғы нұсқасына жаңартуға кеңес береміз.

Bluetooth құрылғысын үй кинотеатрынан

ажырату

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысынан ажыратуға болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан қараңыз.

Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысынан ажыратылғанда, үй кинотеатры алдыңғы дисплейде DISCONNECTED хабарын көрсетеді.

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысынан

ажырату

BT режимінен басқа режимге ауысу немесе үй кинотеатрын өшіру үшін, үй кинотеатрының алдыңғы панеліндегі () түймесін басыңыз.

Үй кинотеатры функцияларды өзгерту арқылы ажыратылған жағдайларды есепке алмағанда, қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды аяқтау алдында үй кинотеатрынан белгілі бір уақыт бойы жауап күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін.)

Bluetooth қосылым режимінде Bluetooth қосылымы үй кинотеатрының жүйесі мен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық (10 метр) асып кеткен жағдайда жоғалады. Bluetooth құрылғысы қайтадан жарамды қашықтық ауқымына кіргенде немесе Bluetooth құрылғысын қайта іске қосқанда қайта қосылу үшін құрылғыны және үй кинотеатрын жұптастыру керек.

Bluetooth режимінде Bluetooth құрылғысы дайын күйінде 5 минут бойы тұрғанда экран қорғауышы іске қосылады. Bluetooth құрылғысын қайта қосу үшін экран қорғауышын өшіріңіз де, құрылғыны қосыңыз. Экран қорғауышын өшіру үшін қашықтан басқару құралында кез келген түймені (дыбыс деңгейі түймесі, сандық түйме, т.б.) басыңыз.

Bluetooth функциясын пайдаланғанда қуаттың қосылуы

Үй кинотеатры өшірулі болғанда смарт құрылғысын өнімге Bluetooth арқылы қосу себебінен үй кинотеатры іске қосылуы мүмкін.

Айнымалы ток сымы айнымалы ток көзіне қосулы болғанда Quick start функциясы қол жетімді болады.

Бұл функцияны пайдалану үшін Settings > System > Quick start параметрі үшін On опциясын таңдаңыз.

Осы мүмкіндікті пайдалану үшін алдымен Үй кинотеатры мен смарт құрылғысы арасындағы Bluetooth байланысы орнатылуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, Үй кинотеатры смарт құрылғысының белгілі Bluetooth құрылғыларының тізімінен табылуы тиіс.

1.Смарт құрылғыңызды өнімге Bluetooth функциясы арқылы қосыңыз. (Bluetooth қосылымдары туралы ақпаратты құрылғының нұсқаулығынан қараңыз.)

2.Қосылу жасалғанда үй кинотеатры автоматты түрде BT режимінде іске қосылады.

Смарт құрылғыңызда ойнатылатын музыканы таңдаңыз.

NFC (Near Field Communication) функциясын пайдалану

NFC функциясымен үйлесімді құрылғыны Bluetooth арқылы төмендегі қарапайым орнату процедурасын пайдаланып үй кинотеатрына жалғаңыз. Смартфондағы әндерді үй кинотеатры арқылы ойнатуға болады.

1.Смартфондағы NFC функциясын қосып, экранды құлыптау функциясының өшірулі екенін тексеріңіз. Экран құлыптауы қосулы болса, смартфонның NFC функциясы жұмыс істемейді.

2.NFC функциясына қолдау көрсететін құрылғыны үй кинотеатрының үстіндегі NFC логотипіне жайлап тигізіңіз.

3.Смартфонда Bluetooth қосылымын жалғастыру қажет / қажет еместігін сұрайтын қалқымалы терезе ашылады. «Yes» (Иә) жауабын таңдаңыз.

Қосылу аяқталғанда, «connected» (қосылды) харабы көрсетіледі.

4.NFC құрылғысын ажырату үшін, құрылғыны қайтадан үй кинотеатрының үстіңгі панеліне тигізіңіз.

Бірінші смартфон әлі де қосулы кезде, басқа NFC құрылғысын қосу үшін, сол құрылғыны үй кинотеатрының үстіңгі панеліне тигізіңіз. Үй кинотеатры бірінші смартфонды ажыратады да, екінші смартфонға жалғайды.

32 - Қазақша

Page 81
Image 81
Samsung HT-H5530K/RU Bluetooth функциясын пайдаланғанда қуаттың қосылуы, Bluetooth құрылғысын үй кинотеатрынан Ажырату