Параметрлер

4.Сымсыз желі немесе сымсыз маршрутизатор атауын енгізіңіз.

Қашықтан басқару құралындағы сан түймелерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз.

Әріпті ▲▼◄► түймелерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймесін басыңыз.

Бас әріптерді (немесе бас әріптер көрсетілсе, кіші әріптерді қайта көрсету) көрсету үшін, тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Таңбалар мен тыныс белгілерін көрсету үшін 123#& тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Әріптерді қайта көрсету үшін 123#& тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Аяқтағаннан кейін, Done опциясын таңдап, E түймесін басыңыз.

5.Ашылған Security method (Қауіпсіздік әдісі) экранында желінің қауіпсіздік әдісін таңдау үшін ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз да, одан кейін E түймесін басыңыз. Келесі экранда желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз.

Қашықтан басқару құралындағы сан түймелерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз.

Әріпті ▲▼◄► түймелерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймесін басыңыз.

Аяқтағаннан кейін, Done опциясын таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім желіні іздейді.

6.Network connection fail (Желі қосылымы орнатылмады) экраны пайда болады. IP Settings параметрін таңдау үшін ◄► түймелерін пайдаланыңыз да, одан кейін E түймесін басыңыз.

7.IP Setting өрісін таңдап, оны Enter manually параметріне орнатыңыз.

8.Енгізілетін желі параметрін (мысалы, IP Address) таңдап, E түймесін басыңыз. Қашықтан басқару құралындағы санды түймелерді пайдаланып, параметр үшін сандарды енгізіңіз. Сондай-ақ, сандарды ▲▼ түймелерінің көмегімен енгізуге болады. Параметр ішінде бір жазба өрісінен екіншісіне жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы ◄► түймелерін пайдаланыңыз. Болғаннан кейін, E түймесін басыңыз.

9.Басқа параметрге жылжу үшін ▲ немесе ▼ түймесін басыңыз, одан кейін сол параметр үшін 8-қадамдағы нұсқауларды орындай отырып сандарды енгізіңіз.

10.Барлық параметрлерді толтырғанша, 8 және 9-қадамдарды қайталаңыз.

11.Желі параметрі мәндерін Интернет провайдерінен алуға болады.

12.Аяқтағаннан кейін, Return (') тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Security Key экраны ашылады.

13.Security Key экранында желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сан түймелерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄► түймелерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймесін басыңыз.

14.Аяқтағаннан кейін, экранның оң жағынан Done пәрменін таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады.

15.Үй кинотеатры желіні тексергеннен кейін, OK тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, желіні қолмен орнату үшін Settings > Network > Network Status тармағына өтуіңізге болады.

WPS(PBC)

Сымсыз желі байланысын орнатудың ең оңай жолдарының бірі WPS(PBC) функциясын пайдалану болып табылады. Сымсыз маршрутизаторда WPS(PBC) түймесі бар болса, келесі қадамдарды орындаңыз:

«Желі қосылымының параметрлерін реттеу» бөліміндегі 1 және 3 аралығындағы қадамдарды орындаңыз. (18-бетті қараңыз)

1.Network Settings экранында Network Type үшін Wireless параметрін таңдаңыз. Өнім қол жетімді желілерді іздеп, оларды тізім түрінде көрсетеді.

2.Тізімді төмен айналдырып, WPS(PBC) функциясын таңдап, E түймесін басыңыз.

3.Екі минут ішінде маршрутизатордағы WPS(PBC) түймесін басыңыз. Өнім өзіне керекті желі параметрлерінің мәндерін автоматты түрде алып, желі қосылымы тексерілгеннен кейін желіңізге қосады.

4.Аяқтағаннан кейін, OK опциясын бөлектеп, E түймесін басыңыз.

WPS қосылымы үшін сымсыз маршрутизатордың қауіпсіздік шифрлауын AES деп орнатыңыз. WEP қауіпсіздік шифрлауы WPS қосылымын қолдамайды.

20 - Қазақша

Page 69
Image 69
Samsung HT-H5530K/RU, HT-H5550K/RU manual Аяқтағаннан кейін, Done опциясын таңдап, E түймесін басыңыз