Параметрлер

Бастапқы параметрлерді орнату

процедурасы

Бастапқы параметрлер реттелмесе, Басты мәзір пайда болмайды.

Бағдарламалық құралдың нұсқасын жаңартқаннан кейін өнімнің OSD (Экрандағы дисплей) дисплейі өзгеруі мүмкін.

Таңдалған мәзірге қарай кіру қадамдары әртүрлі болуы мүмкін.

1.Өнімді жалғағаннан кейін теледидарды, содан кейін өнімді қосыңыз. Өнімді бірінші рет қосқанда, өнім Initial Settings тілі экранын автоматты түрде көрсетеді.

2.▲▼ түймелерінің көмегімен қажетті тілді таңдап, E түймесін басыңыз.

3.Функция параметрлерін орнатуды бастау үшін E түймесін басыңыз.

Initial Settings

TV Aspect and Network will be set.

Each setting may be changed later under "Settings"

Start

a Previous " Select

4.TV Aspect экраны ашылады. Теледидар кадрының пішімін таңдау үшін ▲▼ түймелерін, содан кейін E түймесін басыңыз.

Төрт пішімнің бірін таңдауға болады:

16:9 Original - Кең экранды теледидарлар үшін. Кең экранды суреттерді олардың бастапқы 16:9 пішімінде, ал 4:3 суреттерді (ескі, стандартты пішім) 4:3 пошталық жәшік пішімінде сол және оң жағында қара жолақтармен көрсетеді.

16:9 Full - Кең экранды теледидарлар үшін. Кең экранды суреттерді олардың бастапқы 16:9 пішімінде көрсетеді және 4:3 пішіміндегі суреттерді 16:9 пішіміндегі экран толық қамтылатындай етіп кеңейтеді.

4:3 Letter Box - Ескі үлгідегі, экрандары стандартты, аналогтық теледидарлар үшін. 4:3 пішіміндегі суреттерді толық экранда көрсетеді және 16:9 пішіміндегі пошталық жәшік пішімінде көрсетеді, 16:9 кадр пішімі сақталады, бірақ суреттің үсті мен астына қара жолақтар қойылады.

4:3 Pan-Scan - Ескі үлгідегі, экрандары стандартты, аналогтық теледидарлар үшін. 4:3 пішіміндегі суреттерді толық экранда көрсетеді және 16:9 пішіміндегі суреттерді сөрелік шолу пішімінде көрсетеді, экран толық қамтылады, бірақ суреттің сол және оң жақ шеттері қиылып, ортасы тігінен үлкейтіледі.

5.Network экраны ашылады.

-Бастамас бұрын өнімнің маршрутизаторға жалғанғанын растаңыз.

-Желі ортасына байланысты сымды не сымсыз режиміне орнатыңыз.

-Тұрақты IP мекенжайы бар желі пайдаланылса, КӨК (D) түймесін басу арқылы Skip пәрменін таңдау ұсынылады.

Егер осы қадамда желіні орнату жасалмаса немесе желі дұрыс орнатылмаса, өнімнің желі байланыстарын кейін орнатуға болады. (18-бетті қараңыз)

Initial Settings Network

Select your network type.

Network Type

Wireless

Wired

Connect

Network cable connected.

6.Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады. Бұл орындалған кезде, E түймесін басыңыз. Алдымен «Initial settings completed.» экраны, содан кейін Басты экраны ашылады.

Өзгерістер енгізу мақсатында Initial Settings экранын қайта көрсету үшін Reset опциясын таңдаңыз. (18-бетті қараңыз)

Өнімді Anynet+ (HDMI-CEC) талаптарына сай Samsung теледидарына жалғау үшін HDMI кабелін қолдансаңыз және 1.) өнім мен теледидардың екеуінде де Anynet+ (HDMI- CEC) мүмкіндігі үшін «On» (Қосулы) опциясы таңдалған және 2.) теледидарда өнім қолдайтын тіл орнатылған болса, өнім сол тілді автоматты түрде қалаулы тіл деп таңдайды.

Параметрлер

13 - Қазақша

Page 62
Image 62
Samsung HT-H5550K/RU, HT-H5530K/RU manual Параметрлер, Бастапқы параметрлерді орнату Процедурасы