Параметрлер

Security

Әдепкі PIN коды – 0000. Өз PIN кодыңызды жасамаған болсаңыз, қауіпсіздік функциясына кіру үшін әдепкі PIN кодын енгізіңіз.

BD Parental Rating

PIN енгізілмеген жағдайда белгілі бір жас рейтингіндегі немесе одан жоғары рейтинг көрсетілген Blu-ray дискілерін ойнатуға жол бермейді.

DVD Parental Rating

PIN енгізілмеген жағдайда белгілі бір сандық рейтингтен жоғары рейтингке ие DVD дискілерін ойнатуға жол бермейді.

Change PIN

Қауіпсіздік функцияларына кіру үшін пайдаланылатын 4 санды PIN кодын өзгертіңіз.

General

Time Zone

Аймаққа сәйкес уақыт белдеуін көрсетуге мүмкіндік береді.

Support

Software Upgrade

Осы функция туралы қосымша ақпаратты 22-беттен қараңыз.

Contact Samsung

Өнімді пайдалану туралы көмек алу үшін қажетті хабарласу ақпаратын береді.

Terms of Service Agreement

Үшінші тарап мазмұны мен қызметтеріне қатысты жалпы бас тарту мәлімдемесін қараңыз.

Reset

Желіден басқа барлық параметрлерді әдепкі қалпына қайтарады. Қауіпсіздік PIN кодын енгізуді талап етеді. Әдепкі қауіпсіздік PIN коды

– 0000.

Желі параметрлерін орнату

Осы өнім желіге қосылғанда, BD-LIVE сияқты желіге негізделген бағдарламалар мен функцияларды қолдануға және өнімнің бағдарламалық құралын желілік байланыс арқылы жаңартуға болады.

Желі қосылымының параметрлерін реттеу

Желілік байланысты реттеуді бастау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Басты экранында Settings тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

2.Network тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3.Network Settings тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

4.Төмендегі сымды желілерге арналған нұсқауларға немесе сымсыз желілерге арналған нұсқауларға өтіңіз. (19-бетті қараңыз)

Сымды желі

Wired – Автоматты

Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1.Network Settings экранында Network Type үшін Wired параметрін таңдаңыз. Содан кейін, Connect тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім сымды қосылымды анықтап, желі қосылымын тексереді де, одан кейін желіге қосылады.

2.Аяқтағаннан кейін, OK опциясын бөлектеп, E түймесін басыңыз.

Wired - Қолмен

Тұрақты IP мекенжайы бар болса немесе автоматты процедурасы жұмыс істемесе, Network Settings мәндерін қолмен орнату қажет болады. Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1.Network Settings экранында Network Type үшін Wired параметрін таңдаңыз. Содан кейін, Connect тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім желіні іздеп, байланыс жасалмағаны туралы хабарды көрсетеді.

Үй кинотеатрын желіге сымсыз қосу мүмкін болса, осы жерден Change Network параметрін таңдап, Network Type параметрін Wireless параметріне өзгертіңіз де, сымсыз желілер бойынша нұсқауларға өтіңіз. (19-бетті қараңыз)

18 - Қазақша

Page 67
Image 67
Samsung HT-H5530K/RU, HT-H5550K/RU manual Желі параметрлерін орнату, Желі қосылымының параметрлерін реттеу, Сымды желі