Микрофон D. IN, AUX, FM және BT режимдерінде жұмыс істемейді.

Karaoke scoring параметрі On мәніне орнатылған және микрофон қосылған болса, караоке ұпайлары автоматты түрде көрсетіледі. Ұпайды көрсетуді қаламасаңыз, микрофонды ажыратыңыз.

Негізгі мәзір экранда пайда болып, 10 секунд өткеннен кейін микрофонды қолдануға болады.

Bluetooth құрылғысын

пайдалану

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын пайдалануға болады!

Bluetooth дегеніміз не?

Bluetooth — Bluetooth функциясымен үйлесімді құрылғыларға сымсыз байланысты пайдаланып бір- бірімен оңай өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін технология.

Bluetooth құрылғысы мына жағдайларда ызылдауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:

-денеңіздің бір бөлігі Bluetooth құрылғысының немесе үй кинотеатрының қабылдау/тарату жүйесіне тиіп тұрғанда;

-қабырға, бұрыш немесе кеңсені бөлу тудыратын кедергілерден токтың өзгерулері әсер еткенде;

-бірдей жиіліктер ауқымындағы құрылғылар, соның ішінде, медициналық жабдық, микротолқынды пештер және сымсыз жергілікті желілер шығаратын электр кедергілері әсер еткенде.

Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысын бір- біріне жақын орналастырып жұптастырыңыз.

Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық алшақ болған сайын, байланыс сапасы да нашарлау болады. Қашықтық Bluetooth құрылғысының жұмыс істеу ауқымынан асып кетсе, байланыс үзіледі.

Қабылдау сезімталдығы нашар аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Үй кинотеатрының тиімді қабылдау ауқымы ешқандай кедергі болмаған жағдайда барлық бағыттарда 10 метрге дейін жетеді. Құрылғы бұл ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты түрде үзіледі. Осы ауқым ішінде болғанына қарамастан, қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер себебінен дыбыс сапасы төмендеуі мүмкін.

Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электр кедергілерін тудыруы мүмкін.

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысына қосу

Қосу

Bluetooth құрылғысы

Бастамай тұрып Bluetooth құрылғысы Bluetooth функциясымен үйлесімді стерео гарнитура функциясын қолдайтынын тексеріңіз.

1.BT хабарын көрсету үшін, қашықтан басқару құралындағы FUNCTION түймесін басыңыз.

2.Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында Bluetooth мәзірін таңдаңыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан қараңыз.

3.Bluetooth құрылғысында Stereo headset (Стерео құлақаспап) мәзірін таңдаңыз.

Құрылғылар тізімі ашылады

4.Ізделетін тізімнен «[HTS]HXXXXX» тармағын таңдаңыз.

Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысына қосулы кезде қосылған Bluetooth құрылғысының атауы, одан кейін үй кинотеатрының атауы үй кинотеатрының алдыңғы дисплейінде көрсетіледі.

5.Қосылған құрылғыда музыканы ойнатыңыз.

Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап жатқан музыканы үй кинотеатры жүйесінен тыңдай аласыз.

Үй кинотеатры тек сапасы орташа SBC деректеріне (48 кГц жылдамдығында 237 кбит/сек-қа дейін) қолдау көрсетеді және сапасы жоғары SBC деректеріне (44,1 кГц жылдамдықта 328 кбит/сек) қолдау көрсетпейді.

AVRCP функциясына қолдау бар. Қосылған құрылғының техникалық сипаттамаларына байланысты оның функциялары әр түрлі болады.

Тек A2DP профайлын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.

Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.

Келесі жағдайларда іздеу немесе қосылу функциялары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:

-үй кинотеатрының жанында немесе айналасында күшті электр өрісі болса.

-өніммен бір уақытта бірнеше Bluetooth құрылғысы жұпталса;

-Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе дұрыс жұмыс істемесе;

Мазмұнды Ойнату

31 - Қазақша

Page 80
Image 80
Samsung HT-H5550K/RU Bluetooth құрылғысын Пайдалану, Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысына қосу, Bluetooth дегеніміз не?