Қауіпсіздік Ақпараты

АБАЙЛАҢЫЗ

ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР, АШПАҢЫЗ

АБАЙЛАҢЫЗ: ТОК СОҒУ ҚАУПІН АЗАЙТУ ҮШІН, ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ПАНЕЛІН) АШПАҢЫЗ. ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БІЛІКТІ МАМАНҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

Құрылғы корпусындағы және артқы не төменгі жағындағы ойықтар мен саңылаулар тиісті түрде желдетілу үшін жасалған. Жабдықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оны қызып кетуден қорғау үшін осы ойықтар мен саңылауларды бітеуге немесе бетін жабуға болмайды.

-Тиісті желдетілуі қамтамасыз етілмейінше, бұл жабдықты кітап сөресі не кірістірілген шкаф сияқты жабық жерге орнатуға болмайды.

-Жабдықты жылу батареясының не жылытқыштың жанына немесе күн сәулесі тікелей түсетін жерге орнатпаңыз.

-Бұл өнімнің үстіне ішінде суы бар ыдыстарды (құмыралар, т.б.) қоймаңыз. Судың төгілуі себебінен өрт шығу немесе электр тогы соғуы мүмкін.

Өнімді жаңбырдың астында қалдырмаңыз немесе судың жанына (ваннаның, қаяудың, ыдыс жуатын не кір жуатын қаяудың жанына, ылғал тіректің үстіне немесе бассейннің қасына және т.б.) орнатпаңыз. Байқаусызда жабдыққа су тисе, оны ток көзінен ажыратып, өкілетті дилерге дереу хабарласыңыз.

Бұл жабдықта батареялар пайдаланылады. Сіз тұратын елді мекенде батареяларды тиісті түрде тастауды талап ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Қоқысқа тастау не қайта өңдеу туралы ақпаратты білу үшін жергілікті өкімет органдарына хабарласыңыз.

Қабырға розеткаларын, ұзартқыш сымдарын не адаптерлерді шамадан тыс жүктемеңіз, бұл өрттің шығуына немесе токтың соғуына себеп болуы мүмкін.

Қуат сымын үстінен жүріп өтуден қорғаңыз немесе үстіне не қарама-қарсы қойылған заттардың арасында қысылып қалудан сақтаңыз. Әсіресе сымдардың штепсельдік ұшқа жалғасатын, розеткаға жақын болатын және жабдықтан шығатын бөлігіне назар аударыңыз.

Жабдықты найзағайдан қорғау үшін немесе ұзақ уақыт қараусыз және пайдаланусыз қалдырғанда қабырғадағы розетканы суырып, антеннаны не кабель жүйесін ажыратыңыз. Бұл құрылғыны найзағайдан және электр желісінің ауытқуларынан болған зақымдардан қорғайды.

Айнымалы ток сымын тұрақты ток адаптерінің розеткасына қоспай тұрып, тұрақты ток адаптерінің кернеу бойынша нұсқаулары жергілікті электр желісіне сәйкес келетінін тексеріңіз.

Ешқашан бұл өнімнің ашық бөлшектеріне ешбір металдан жасалған заттарды салмаңыз. Металл зат салған жағдайда ток соғу қаупі орын алуы мүмкін.

Бұл белгі құрылғы ішінде жоғары кернеудің барын білдіреді. Бұл өнімнің қандай да бір ішкі бөлігін ұстау қауіпті болып табылады.

Бұл белгі өніммен бірге құрылғы жұмысына және оған техникалық қызмет көрсетуге байланысты маңызды құжаттардың берілгенін көрсетеді.

Ток соғуын болдырмай үшін жабдықтың ішкі бөлігін ешқашан ұстамаңыз. Бұл жабдықты тек білікті маман ашуы керек.

Қуат сымын орнына нық түскенше кіргізіп жалғау керек. Қуат сымын қабырға розеткасынан ажыратқанда әрдайым қуат сымының штепсельдік ұшынан тартыңыз. Ешқашан қуат сымын тартпаңыз. Қуат сымын ылғал қолмен ұстамаңыз.

Егер жабдық дұрыс жұмыс істемес, соның ішінде жабдықтан ерекше дыбыс естілсе немесе иіс шықса, оны дереу қуат көзінен ажыратыңыз да, өкілетті дилерге не қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Өнімнің сыртқы күтімі.

-Бұл өнімге басқа құрамдас бөліктерді жалғамас бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз.

-Өнім кенеттен суық жерден жылы жерге апарылған жағдайда, жұмыс бөлшектері мен оптикалық шынысына ылғал жиналып, дискінің қате ойнатылуына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, өнімді розеткадан ажыратып, екі сағат күтіңіз де, штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып, қайта ойнатып көріңіз.

Өнім пайдаланылмайтын болса немесе үйден біраз уақытқа кететін болсаңыз (әсіресе үйде балалар, қарт адамдар не мүгедек адамдар жалғыз қалатын болса), қуат сымын розеткадан міндетті түрде ажыратыңыз.

-Қуат сымынан ұшқындардың шығуы және сымның қызып кетуі немесе оқшаулаудың тозуы себебінен жиналған шаң электр тогының соғуына, электр тогының жылыстауына немесе өрттің шығуына алып келуі мүмкін.

Өнімді шаң көп жиналатын, температуралары жоғары не төмен, ылғалдылығы жоғары, химиялық заттар бар жерге немесе әуежай, темір жол вокзалы, т.б. сияқты өнім күніне 24 сағат бойы жұмыс істеп тұратын ғимараттарға орнату бойынша ақпарат алу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Орталыққа хабарласпаған жағдайда өнімге елеулі зақым келуі мүмкін.

Тек дұрыс жерге тұйықталған штепсельдік ұшты және қабырға розеткасын пайдаланыңыз.

-Жерге дұрыс тұйықталмаған жағдайда ток соғуы не жабдық зақымдануы мүмкін. (Тек l-кластағы жабдықтар.)

Жабдықты толығымен өшіру үшін, оны розеткадан ажырату керек. Сондықтан, қабырға розеткасы мен штепсельдік ұшқа әрқашан қол жеткізу оңай болуы керек.

Балаларға өнімнің үстіне ілінуге рұқсат бермеңіз.

2 - Қазақша

Page 51
Image 51
Samsung HT-H5530K/RU, HT-H5550K/RU manual Қауіпсіздік Ақпараты, Қазақша, Өнімнің сыртқы күтімі