Желі қызметтері

BD-LIVE™ функциясын пайдалану

1.Өнімді желіге жалғаңыз.(12-бетті қараңыз)

2.Желі параметрлерін реттеңіз.(18~20 беттерді қараңыз)

Өнім желіге қосылған соң, BD-LIVE қызметін қолдайтын дискілерде түрлі фильмдерге байланысты қызмет мазмұнын көруге болады.

1.USB жад құрылғысын өнімнің алдыңғы жағындағы USB ұясына жалғаңыз да, оның қалған жад көлемін BD Data Management параметрі арқылы тексеріңіз. BD-LIVE қызметтері үшін жад құрылғысының кем дегенде 1 Гбайт бос орны болуы керек.

2.Басты экранында Settings тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3.System тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4.BD Data Management тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

5.Change Device тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

6.USB DISC тармағын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

7.BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісін салыңыз.

8.Диск өндірушісі қамтамасыз еткен әртүрлі

BD-LIVE қызмет мазмұндары тізімінен бір элементті таңдаңыз.

Диск өндірушісіне байланысты, BD-LIVE қызметін қолдану тәсілі мен қамтамасыз етілген мазмұндар әртүрлі болуы мүмкін.

DLNA функциясын пайдалану

DLNA үй кинотеатры арқылы компьютердегі файлдарды ашып, ойнатуға мүмкіндік береді. Компьютерде DLNA бағдарламалық құралын орнату және үй кинотеатрымен бөлісу қажет қалталар мен файлдарды белгілеу үшін DLNA бағдарламалық құралының пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.

DLNA бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін компьютердегі файлдарды ашып, ойнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Компьютерді, теледидарды және үй кинотеатрын қосыңыз.

2.Компьютерде DLNA Shared сервері істеп тұрғанын тексеріңіз.

3.Үй кинотеатрынан Change Device тармағын таңдаңыз.

4.Құрылғылар тізімінен компьютеріңізді таңдау үшін ▲▼ түймесін басыңыз.

5.Көру не ойнату керек Photos, Videos не Music сияқты файл түрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

6.▲▼◄► түймесінің көмегімен таңдаған файлдар бар қалтаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Файлдар тізімі көрсетіледі.

7.Ойнату немесе көру керек файлды таңдап, E түймесін басыңыз.

USB құрылғыларында және дискілерде файлдардан ойнату тізімін жасаумен бірдей әдіс арқылы компьютерде файлдардан ойнату тізімін жасауға болады.

Бірнеше жағдайларды қоспағанда, компьютердегі файлдардың ойнатылуын USB құрылғылары мен дискілердегі файлдарды басқарғандай жолмен басқаруға болады.

Компьютердегі файлдарға алдымен Басты экранындағы Photos, Videos немесе Music опциясын, содан кейін экранға шыққан құрылғылар тізімінен компьютерді таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Бағдарламалар

Осы үй кинотеатры тікелей жүктеп алуға және үй кинотеатрынан көруге болатын жаңалықтардың, фильмдердің, ауа рай мәліметтерінің және басқа да мазмұнның ауқымды жинағын ұсынады. Алдымен желіні тексеріп, үй кинотеатры Интернетке жалғанғанын тексеріңіз. Бағдарламалар мүмкіндігін пайдалану үшін үй кинотеатры Интернетке қосулы болуы керек.

Бағдарламалар мүмкіндігі арқылы ұсынылатын бағдарламалар онлайн нұсқалары сияқты жұмыс істейді, ал өзгешелігі оны оңай пайдалануға болатындығында.

Пайдалану мүмкін болу үшін, бағдарламалар есептік жазбаның жасалуын талап етеді. Осы тораптардың көбінде есептік жазбаны үй кинотеатрынан жасау мүмкін болағанымен, оларды Интернетке қосылған компьютерден, ноутбуктен не планшеттен сол тораптарға кіріп жасаған жеңілірек әрі тезірек болады. Кейбір жағдайларда есептік жазба жасау үшін үй кинотеатрын және компьютерді, ноутбукті не планшетті пайдалану қажет болатынын ескеріңіз. Стандартты онлайн нұсқалары мен үй кинотеатры арқылы пайдалануға болатын нұсқалардың арасындағы басты айырмашылық үй кинотеатры нұсқаларында әріптерді енгізу үшін пернетақтаның орнына қашықтан басқару құралы пайдаланылатынында.

34 - Қазақша

Page 83
Image 83
Samsung HT-H5530K/RU, HT-H5550K/RU Желі қызметтері, BD-LIVE функциясын пайдалану, Dlna функциясын пайдалану, Бағдарламалар