Audio Sync

Өнім сандық теледидарға тіркелгенде, дыбыс бейнемен қадамдасуы үшін бейне кідірісін реттеуге мүмкіндік береді. Кідірісті 0 және 300 миллисекунд арасында орнатуға болады.

Network

Network Settings

Интернет қызметтері немесе DLNA Wi-

Fi мүмкіндігі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану және бағдарламалық құралды жаңарту үшін желі қосылымын реттеуге мүмкіндік береді.

Network Test

Интернет протоколы параметрлерінің орнатылуын тексеріп, оның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын көруге мүмкіндік береді.

Network Status

Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct

Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы Wi-Fi Direct құрылғысын өнімге қосуға мүмкіндік береді. Wi-Fi Direct байланысын қолданғанда сымсыз желіге жалғанған өнім ажыратылуы мүмкін екенін ескеріңіз. ((21-бетті қараңыз)

TXT немесе .DOC кеңейтімі бар файлдар сияқты мәтіндік файлдар Wi-Fi Direct функциясын пайдаланғанда көрсетілмейді.

Screen Mirroring

Screen Mirroring функциясы смартфонның немесе смарт құрылғының экранын үй кинотеатры жүйесіне қосылған теледидарда көруге мүмкіндік береді. (35-бетті қараңыз)

Device Name

Өнімге анықтамалық атау тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл атауды өнімге сыртқы құрылғыларды (смартфондар, планшеттер, т.б.) қосқанда, оны анықтау үшін пайдалана аласыз.

BD-Live Internet Connection

BD-Live қызметі үшін Интернет қосылымына рұқсат етуге немесе оған тыйым салуға мүмкіндік береді.

System

Initial Settings

Initial Settings процедурасын қайта іске қосуға мүмкіндік береді. (13-бетті қараңыз)

Quick start

Жүктелу уақытын азайту арқылы қуатты жылдам қосуға болады.

Егер бұл функция On күйіне орнатылса, күту режиміндегі қуат тұтыну мөлшері артады. (Шамамен 12 Вт ~ 20 Вт)

Anynet+ (HDMI-CEC)

Anynet+ дегеніміз Anynet+ мүмкіндігі бар басқа Samsung өнімдерімен байланысып әрекет ету және сол өнімдерді бір Samsung теледидарының қашықтан басқару құралымен басқаруға мүмкіндік беретін қолайлы функция болып табылады. Бұл функцияны пайдалану үшін осы өнімді HDMI кабелімен Anynet+ Samsung теледидарына жалғау қажет.

BD Data Management

BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісі арқылы жүктеп алынған мазмұнды басқаруға мүмкіндік береді. Сақтау орнымен қоса, BD Live деректерін сақтау үшін пайдаланып отырған USB құрылғысы туралы ақпаратты көруге болады. BD Live деректерін жойып, құрылғыны өзгертуге де болады.

DivX® Video On Demand

DivX® VOD мазмұнын сатып алу және ойнату үшін, DivX® VOD тіркеу кодтарын қараңыз.

Language

Экран мәзірі, диск мәзірі, т.б. үшін тілді таңдауға мүмкіндік береді.

Таңдалған тіл дискіде оған қолдау бар болса ғана көрсетіледі.

Параметрлер

17 - Қазақша

Page 66
Image 66
Samsung HT-H5550K/RU Audio Sync, Network Network Settings Интернет қызметтері немесе Dlna Wi, Network Test, Device Name