Параметрлер

Бағдарламалық құралды жаңарту

Software Upgrade мәзірі жұмысты жақсарту және қосымша қызметтер алу мақсатында бағдарламалық құралды жаңартуға мүмкіндік береді.

Жаңарту барысында өнімді қолмен өшіруші немесе қосушы болмаңыз.

Өнім қайта қосылып, өшкенде жаңарту аяқталады. ҚУАТ түймесін басу арқылы жаңартылған өнімді қосыңыз.

Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет байланысы немесе пайдаланушы немқұрайдылығы нәтижесінде орын алған өнім ақаулары үшін жауап бермейді.

1.Басты мәзірінде Settings тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

2.Support тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3.Software Upgrade тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

4.Келесі әдістердің біреуін таңдаңыз:

By Online

By USB

Auto Upgrade Notification

5.E түймесін басыңыз. Әр әдіс бойынша нұсқаулар төменде берілген.

Егер бағдарламалық құралды жүктеу барысында жаңартудан бас тарту керек болса, E түймесін басыңыз.

By Online

By Online функциясын пайдалану үшін, өнім Интернетке қосылған болуы керек. Бастамас бұрын барлық дискілерді шығарып алыңыз.

1.By Online тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Серверге қосылуда хабары пайда болады.

2.Жаңарту бар болса, қалқымалы хабар пайда болып, жаңарту керек/керек еместігін сұрайды. Егер Yes жауабын таңдасаңыз, өнім автоматты түрде өшіп, қайта қосылады да, жаңартуды бастайды.

3.Жаңарту барысын көрсететін қалқымалы терезе пайда болады. Жаңарту аяқталған кезде, өнім қайтадан автоматты түрде өшеді.

4.ҚУАТ түймесін басып өнімді қосыңыз.

By USB

1.Мына торапқа кіріңіз: www.samsung.com.

2.Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT түймесін басыңыз.

3.Іздеу өрісіне өнім үлгісінің нөмірін енгізіңіз. Үлгі нөмірін енгізгеннен кейін ашылмалы тізім үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4.Ашылмалы тізімдегі өнім үлгісінің нөмірін тінтуірдің сол жағымен басыңыз.

5.Ашылған бетте төмен қарай жылжып, Firmware Manuals & Downloads түймесін басыңыз.

6.Беттің ортасындағы Firmware түймесін басыңыз.

7.Беттің оң жағындағы «File» (Файл) бағанындағы ZIP белгішесін басыңыз.

8.Пайда болған бірінші қалқымалы терезедегі Send түймесін басыңыз. Микробағдарлама файлын компьютерге жүктеу және сақтау үшін екінші қалқымалы терезедегі OK түймесін басыңыз.

9.Қысылған файлды компьютерде шығарыңыз. Атауы «zip» файлымен бірдей қалта пайда болу керек.

10.Қалтаны USB флэш-жадына көшіріңіз.

11.Өнімге диск салынбағанын тексеріңіз де, USB флеш-дискісін өнімнің USB портына салыңыз.

12.Өнім мәзірінде Settings > Support > Software Upgrade тармағына өтіңіз.

13.By USB параметрін таңдаңыз.

14.Үй кинотеатры бағдарламалық құралды USB дискісінен іздейді. Бағдарлама табылған жағдайда Update Request (Жаңарту сұрауы) қалқымалы терезесі пайда болады.

15.OK параметрін таңдаңыз. Үй кинотеатры өшіп, қосылады да, жаңартуды бастайды. Жаңарту аяқталған соң үй кинотеатры қосылады.

16.ҚУАТ түймесін басып үй кинотеатрын қосыңыз.

USB хост ұясы арқылы бағдарламалық құралды жаңартқанда, өнімнің ішінде диск болмауы керек.

Бағдарламалық құралды жаңарту аяқталғанда, Software Upgrade мәзірінен бағдарламалық құрал жайлы ақпаратты тексеріңіз.

22 - Қазақша

Page 71
Image 71
Samsung HT-H5530K/RU, HT-H5550K/RU manual Бағдарламалық құралды жаңарту, By Online, By USB