Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды.Бензол, сұйылтқыш немесе Clorox, хлоридті пайдаланып тазаламаңыз.

-Себебі бұндай заттар құрылғының беткі қаптамасын бүлдіруі және өрт шығаруы мүмкін.

Үлестіргіш тесікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды сұқпаңыз.-Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.

Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын іске асырмай тұрып, құрылғыны розеткадан ағытыңыз.

-Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы мүмкін.

Тоңазытқышты тазалау үшін таза жөкені немесе жұмсақ шүберекті және жылы су араластырылған жұмсақ тазартқыш құралды пайдаланыңыз.

Терезе жуатын бүріккіш, қырғыш тазартқыш құралдар, тұтанғыш сұйықтықтар, хлорлы сутек қышқылы, тазартқыш балауыз, қойылтылған жуғыш заттар, ағартқыштар сияқты түрпілі немесе қатты тазартқыштарды немесе құрамында мұнай өнімдері бар тазартқыш құралдарды тоңазытқыштың сыртын (есіктері мен корпусы), пластмасса бөлшектерін, есігі мен ішкі төсемдерін және тығыздағыштарын тазалау үшін пайдалануға болмайды.

-Олар материалға сызат түсіруі немесе бүлдіруі мүмкін.

Шыны сөрелерді немесе қақпақтарды суық күйінде жылы сумен жууға болмайды. Шыны сөрелер мен қақпақтардың температурасы күрт өзгерсе немесе соғылса немесе түсіп кетсе, сынып кетуі мүмкін.

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Казақ  21

Untitled-10 21

 

 

1/11/2018 2:57:00 PM