Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе құрылғының артындағы орынға салмаңыз.

Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға тырысыңыз.

-Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тура тартып ағытыңыз.

-Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт шығуы және/не электр тогы соғуы мүмкін.

Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.

Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш материалдың қасына орнатпаңыз.

Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.

-Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сай орналастырып, дұрыс жерге орнату керек.

Қуат ашасын розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.

-Қуат ашасының түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, қуат сымы қиылып, өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.

Тоңазытқыштың артқы жағының қуат ашасын жаншып немесе бүлдіріп тастамағанын тексеріңіз.

8  Казақ

Untitled-10 8

1/11/2018 2:56:59 PM

Page 64
Image 64
Samsung RT43K6360WW/WT, RT46K6360EF/WT, RT53K6340UT/WT, RT43K6000EF/WT, RT46K6360SL/WT manual Қауіпсіздік туралы ақпарат