Қауіпсіздік туралы ақпарат

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік нұсқауларында", орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған. Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.

Себебі төменде көрсетілген іске пайдалану нұсқаулары әр түрлі құрылғыларға арналғандықтан, тоңазытқышыңыздың техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселе немесе сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан ақпарат немесе көмек алыңыз.

Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Егер құрылғыда тұтанғыш газ (R-600a салқындатқышы) қолданылса, құрылғыны дұрыс тастау үшін жергілікті мекемеге хабарласыңыз.

Салқындатқыш сұйық аққан жағдайда газ бен ауа аралас тұтанғыш қоспа пайда болмас үшін, құрылғы тұратын бөлменің кеңдігі, салқындатқыш сұйықтың мөлшеріне байланысты анықталады.

Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Егер күмәндансаңыз, дилерге хабарласып кеңес алыңыз. Бөлменің ауданы R-600a тоңазытқыш сұйығының әрбір 8 грамына 1 м³ болуға тиіс.

4  Казақ

Untitled-10 4

 

 

1/11/2018 2:56:58 PM