Тазалау

Қуат ашасының ағытпаларынан және түйіспелерден шаң немесе су тәрізді бөгде заттардың барлығын тазалау үшін құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.

1.Тоңазытқыштың қуат сымын ағытыңыз.

2.Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы бетін тазалау үшін дымқыл, жұмсақ және мамығы жоқ шүберекті немесе қағаз сүлгіні пайдаланыңыз.

3.Болғаннан кейін құрғақ шүберекпен не қағаз сүлгімен мұқият құрғатыңыз.

4.Тоңазытқышты іске қосу үшін қуат сымын розеткаға жалғаңыз.

ЕСКЕРІМ

Тазалау үшін сөре тәрізді алмалы бөліктерін алсаңыз, орнына қайта дұрыс салу үшін "Жинақтың құрамы" тарауындағы жалпылама сызбаны қараңыз.

ЕСКЕРТУ

Тазалау үшін бензол, сұйылтқыш немесе Clorox™ тәрізді үй/машина тазалағыш затты пайдаланбаңыз. Бұлар тоңазытқыштың беткі қаптамасын бүлдіруі және өрт шығаруы мүмкін.

Тоңазытқыштың бетіне суды тура шашпаңыз. Электр тогы соғуы мүмкін.

Диспенсер тесігіне саусақтарыңызды немесе басқа заттарды сұқпаңыз.

Ауыстыру

Иіс кетіргіш сүзгі (қол жетімді үлгілерде ғана)

Сүзгі кассетасының үстіңгі және астыңғы жақтарын ұстап тұрып, иіс кетіргіш сүзгіні (A) алу үшін сүзгінің кассетасын ағытыңыз. Сүзгіні ауыстырып, содан кейін кассетаны қайта салыңыз.

A

көрсету Күтім

Шамдар

Шамдарды пайдаланушы жөндеуге келмейді. Тоңазытқыштың шамын ауыстыру үшін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Казақ  49

Untitled-10 49

 

 

1/11/2018 2:57:08 PM