Мұз науасын босату үшін науаның екі жағын ұстап, баппен майыстыру арқылы мұз текшелерін алыңыз.

Су сауыты (қол жетімді үлгілерде ғана)

Су сауытын қолданып, тоңазытқыштың есігін ашпай-ақ, салқын су құйып алуға болады.

ЕСКЕРІМ

Диспенсердің тұтқасын шамамен 1 минут басып тұрсаңыз, жұмыс ақауларына байланысты диспенсер жұмыс істеуін тоқтатады. Көбірек су алу үшін бірнеше секунд күтіңіз де, әрекетті қайталаңыз.

Су сауытын толтыру

Су сауытын алғаш рет пайдаланғанда ішкі жағын тазалап, мұқият құрғатыңыз.

1. Сауыттың алдыңғы жағындағы қос тұтқадан ұстап, суретте көрсетілгендей сырғытыңыз.

2. Қақпақтың алдыңғы қақпақшасын (A) немесе қақпақты толық (B) ашып, сауытқа ең көбі 5 л су құйыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Макс. сызығынан асырмаңыз. Су сыртқа төгіледі.

AB

3. Су сауытын қайта салып, диспенсер механизміне келтіріп орнатыңыз. Сауыттың алдыңғы жағының (алдыңғы қақпақшасы бар) алдыңғы жаққа қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.

Казақ  43

пайдалану Іске

Untitled-10 43

 

 

1/11/2018 2:57:06 PM