Іске пайдалану

АБАЙЛАҢЫЗ

Су сауытының сөреге сиятынына көз жеткізіңіз. Басқа жағдайда су сауыты дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Тоңазытқышты су сауытын салмай қолданбаңыз. Бұл салқындату қарқынын төмендетуі мүмкін.

Сауытқа минералды су немесе тазартылған су тәрізді ауыз суын ғана құйыңыз. Басқа сұйықтықты пайдаланбаңыз.

Толы сауытты жылжытқан кезде байқаңыз. Сауытты құлатып алсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.

Ішкі сорғыны өзіңіз бөлшектеуге әрекет етпеңіз. Ішкі сорғыға зақым келсе немесе су сауыттан ағытылып қалса, диспенсер жұмыс істемейді.

Бірінші рет пайдалану

Сумен жабдықтау жүйесінің түтіктеріндегі ауаны шығару үшін диспенсердің тұтқасын 10 секунд басыңыз.

Сумен жабдықтау жүйесін тазарту үшін бастапқы алты стакан суды пайдаланбай төгіңіз.

Су төгу үшін

Су шүмегінің астына стакан қойып, стаканыңызбен су диспенсерінің тұтқасын абайлап итеріңіз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Су алып жатқанда шашырап кетпеу үшін стаканның диспенсерге дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.

Су диспенсерін 2-3 күн пайдаланбасаңыз, алынған судан біртүрлі иіс шығуы немесе дәм сезілуі мүмкін. Бұл жүйенің ақауы емес. Бастапқы 1-2 стакан суды төгіп тастаңыз.

Іске пайдалану

44  Казақ

Untitled-10 44

1/11/2018 2:57:06 PM

Page 100
Image 100
Samsung RT43K6360WW/WT, RT46K6360EF/WT, RT53K6340UT/WT, RT43K6000EF/WT, RT46K6360SL/WT, RT53K6340SL/WT manual 44 Казақ