Зақым келген ашаны, қорек сымын немесе босап қалған розетканы пайдаланбаңыз.- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар

АБАЙЛАҢЫЗ

Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз. Мұздатқыш бөлікке газдалған немесе көпіршитін сусындарды қоймаңыз. Бөтелке немесе шыны сауыттарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.

-Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақат алуы мүмкін.Тоңазытқыштағы мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін:

-Тағамдарды тоңазытқыштың артқы жағындағы желдеткіш саңылауларға тым жақын қоймаңыз, себебі тоңазытқыш бөліктің ішіндегі ауаның еркін айналуына кедергі жасайды.

-Тағамды тоңазытқышқа қояр алдында, дұрыс ораңыз немесе ауа кірмейтін сауыттарға салыңыз.

-Мұздатқыш бөлікке шыны шөлмектерді немесе газдалған сусындарды қоймаңыз. Мұздап, жарылып кетуі мүмкін. Сынған сусынның ыдыстары жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

-Мұздатылған тағамдардың ең ұзақ сақтау уақыты мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Казақ  17

Untitled-10 17

 

 

1/11/2018 2:56:59 PM