Бастаудан бұрын

Бастапқы параметрлер

Калибрлеу режимін жүргізу (ұсынылған)

Калибрлеу функциясы кір жуғыш машинаның салмақты нақты анықтауына көмектеседі. Калибрлеу функциясын қосу алдында барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.

1.Қуатты өшіріңіз де, кір жуғыш машинаны қосыңыз.

2.Баптау режиміне кіру үшін Температура және Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) түймесін 3

секундтай басып тұрыңыз. “CB” хабары пайда болады.

3.Баптау режимін іске қосу үшін Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.

4.Барабан сағат тілінің бағытымен және сағат тілінің бағытына қарсы шамамен 3 минут айналады.

5.Цикл аяқталған кезде дисплейде “0” пайда болады және кір жуғыш машина автоматты түрде өшіріледі.

6.Кір жуғыш машина енді қолдана беруге дайын тұр.

Кір жуу бойынша нұсқаулық

1-ҚАДАМ - Сұрыптау

Кір жууды мына шарттар бойынша сұрыптаңыз:

Күтім көрсету жапсырмасы: Жуылатын заттарды мақта мата, аралас талшықтар, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды мата түрлеріне бөліп сұрыптаңыз.

Түсі: Ақ мата мен түрлі түсті маталарды бөліңіз.

Өлшемі: Барабандағы әртүрлі өлшемдегі элементтерді араластыру кір жуу өнімділігін жақсартады.

Сезгіштігі: Таза, жаңа жүн бұйымдар, перделер және жібек бұйымдарына арналған Жеңіл үтіктеу опциясын пайдалану арқылы нәзік бұйымдарды бөлек жуыңыз. Бұйымдардың затбелгілерін тексеріңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Киімдердегі күту жапсырмасын тексеріп, кір жууды бастаудан бұрын оларды тиісті түрде сұрыптаңыз.

Бастаудан бұрын

Қазақша 25

WD80K5410OW_03744Q-02_KK.indd 25

2017/3/2 20:34:42

Page 153
Image 153
Samsung WD80K5410OW/LP, WD80K5410OS/LP Бастаудан бұрын, Бастапқы параметрлер, Кір жуу бойынша нұсқаулық, Қадам Сұрыптау