АБАЙЛАҢЫЗ

Барабанның ішінде Add Door деңгейінен жоғары болатын сабын көпіршіктері пайда болса, Add Door есігін ашпаңыз.

Машина жұмыс істеп тұрған кезде, Бастау/Кідірту түймесін баспайынша, Add Door есігін ашуға әрекет етпеңіз. Add Door есігі жуу циклы аяқталғанда, (Бастау/Кідірту түймесін баспай-ақ) өздігінен ашылып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Add Door арқылы тым көп зат салмаңыз. Жұмыс тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Add Door есігінің астыңғы жағын тұтқа ретінде қолданбаңыз. Саусақтарыңыз қыстырылып қалуы мүмкін.

Add Door есігіне ешбір кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Жануарларыңызды кір жуғыш машинадан, әсіресе, Add Door есігінен алыс ұстаңыз.

Жуу үшін ыстық суды пайдаланғанда, Add Door есігін ашып-жапқаннан кейін Add Door есігінен су кеткен тәрізді көрінуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, себебі ашық тұрған Add Door есігінен шыққан бу салқындап, есіктің бетіне су тамшылары жиналған.

Add Door есігі жабылғанда, есік тұмшаланады да, ешбір су ақпайды. Дегенмен, есіктің айналасына су аққанын көруіңіз мүмкін, бұлар - Add Door айналасына жиналған судан пайда болған тамшылар. Бұл қалыпты жағдай.

Судың температурасы 50 °C градустан жоғары болса, негізгі есікті де, Add Door есігін де ашуға болмайды. Барабан ішіндегі судың деңгейі белгілі деңгейден жоғары болса, негізгі есік ашылмайды.

Дисплейде DDC ақпарат коды пайда болса, тиісті шара қабылдау үшін ақпарат кодтары берілген “Ақпарат кодтары” бөлімін қараңыз.

Операциялар

Қазақша 39

WD80K5410OW_03744Q-02_KK.indd 39

2017/3/2 20:34:50

Page 167
Image 167
Samsung WD80K5410OW/LP, WD80K5410OS/LP manual Қазақша 39