6-ҚАДАМ - Жуғыш затты дұрыс таңдап пайдаланыңыз

Кір жуу құралының түрі матаның түріне (мақта, синтетика, нәзік бұйымдар, жүн), түсіне, жуу температурасына және ластану дәрежесіне байланысты болады. Әрқашан да автоматты кір жуғыш машинаға арналған, аз көбіктенетін кір жууға арналған құралды пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Кірдің салмағына, кірлеу деңгейіне және тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қарай отырып, әрқашан жуғыш зат өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Егер судың кермектігі жайлы күмәніңіз болса, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласыңыз.

Қаттылануға немесе кристалдануға бейімді кір жуу құралын пайдаланбаңыз. Бұл кір жуу құралы жуу циклінен кейін қалып, ағатын шығысты бітеуі мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

Кір жуғыш машина жүн циклында пайдаланылған кезде бейтарап сұйық жуғыш зат қолданыңыз. Жүн курсы бар ұнтақ кір жуу құралы жуылатын бұйымдарда қалуы және жуылатын бұйымдардың түсін жоюы мүмкін.

Кір жууға арналған капсулалар

Кір жууға арналған капсулалардың көмегімен ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мына нұсқауларды орындаңыз.

1. Капсуланы бос барабанның түбіне артқы жаққа жақындау орналастырыңыз.

Бастаудан бұрын

2.Жуатын кірді барабандағы капсуланың үстіне жайыңыз.

Қазақша 27

WD80K5410OW_03744Q-02_KK.indd 27

2017/3/2 20:34:44

Page 155
Image 155
Samsung WD80K5410OW/LP, WD80K5410OS/LP manual Қадам Жуғыш затты дұрыс таңдап пайдаланыңыз, Кір жууға арналған капсулалар