Орнатуға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.

Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы, өнімге нұқсан келуі не адам жарақат алуы мүмкін.

Бұл ауыр құрылғы, сондықтан көтерген кезде абайлаңыз.

Қорек сымын 220 - 240 В / 50 Гц не бұдан қуатты розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы құрылғы үшін қолданыңыз. Ұзартқышты пайдалануға тыйым салынады.

Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды қоссаңыз, электр қатері не өрт шығуы мүмкін.

Желі кернеуі, жиілік пен тоқ мәндерінің, құрылғының техникалық параметрлеріне сай келетінін тексеріңіз. Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.

Қуаттану айырының байланысатын жерінен және байланыс қабатынан бөтен заттарды, мысалы, шаң немесе суды құрғақ матамен сүртіп отырыңыз.

Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін.

Ашаны қабырғадағы розеткаға, сымын еденді бойлата төсеп қосыңыз.

Егер ашаны розеткаға кері бағытта сұқсаңыз, қорек кабелінің ішіндегі сымдар бүлініп, нәтижесінде электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі қауіпті болуы мүмкін.

Егер бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.

Құрылғыға немесе қорек сымына зақым келсе, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл машина жерге берік байланысылуы керек.

Машинаны газбен қамтамасыз ету құбыры, су құбырының пластмасса түтігі немесе телефон желісі арқылы жерге байланыстырмаңыз.

Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа немесе бұйымның жұмыс істемей қалуына әкелуі мүмкін.

Құрылғының қуат сымын ешқашан жерге дұрыс қосылмаған розеткаға жалғамаңыз және ол жергілікті және мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек.

Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе жанғыш заттардың қасына орнатпаңыз.

Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге немесе күннің жарығы тура түсетін немесе су (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.

Қазақша 7

Қауіпсіздік туралы ақпарат

WD80K5410OW_03744Q-02_KK.indd 7

2017/3/2 20:34:36

Page 135
Image 135
Samsung WD80K5410OW/LP, WD80K5410OS/LP manual Орнатуға қатысты қатаң ескертулер