Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан іске қоспаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электр қуаты автоматты түрде тоқтатылады. Шамамен 30 минуттай қоя тұрғаннан кейін іске қоса беруіңізге болады. Пештің ішінде әрқашан бір стакан су тұрғаны дұрыс. Пеш байқаусызда қосылып кетсе, су микротолқын қуатын сіңіреді.

ЕСКЕРТУ : Егер есік немесе есік тығыздағыштарына нұқсан келсе, микротолқынды пешті уәкілетті техник маман жөндегенше іске қосуға болмайды.

ЕСКЕРТУ : Сұйық тағамдар мен басқа да тағамды тұмшаланып жабылған сауыттарда қыздыруға болмайды, себебі олар жарылуы мүмкін.

Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр желісінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.

-Құрылғының корпусына жоғары кернеу кіретіндіктен, электр қатеріне түсу немесе өрт шығу қаупі бар.

-Электромагнитті толқындар әсеріне ұшырауыңыз мүмкін.

-Құрылғыны жөндеу қажет болса, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ЕСКЕРТУ : Микротолқын қуатынан қорғайтын қақпақты алуды қажет ететін жөндеу немесе техникалық күтім көрсету жұмыстарын, білікті маманнан басқа адамдар жүзеге асырса, бұл олар үшін қатерлі.

Құрылғыға бөгде зат, мысалы су кіріп кеткен жағдайда, ашаны розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Егер түтін шыққаны байқалса, құрылғыны сөндіріңіз немесе оны электр желісінен ағытыңыз да, жалын шыққаны байқалса оны басу үшін есікті ашпаңыз;

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ Іске қосуға қатысты ескерту белгілері

Тек микротолқынды пеште қолдануға болатын ыдыс-аяқтарды ғана қолданыңыз; металл сауыттардың ешқайсысын, жиектері алтын немесе күміспен жалатылған ас ыдыстарын, істік, шанышқыларды т.с.с. ешқашан ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Қағаз немесе пластик қалталардың сымтемірден жасалған бауларын алыңыз. Себебі : Электр жарқылы немесе контуры пайда болып, пешті бүлдіруі мүмкін.

Тағамды пластик немесе қағаз сауыттарға салып қыздырған кезде, пештен көз алмаңыз, бұндай заттар тұтанып кетуі мүмкін.

Аз тағамды қыздыру немесе пісіру үшін аз уақыт қажет.

Аз тағамды қалыпты уақытпен пісірсе, қатты қызып, күйіп кетуі мүмкін.

Құрылғы жұмыс жасап тұрған кезде сырт-сырт еткен дыбыс естілуі мүмкін (әсіресе, пеште тағам жібіту функциясы орындалып тұрса).

Себебі : Бұл электр қуатының шығыс мөлшері өзгерген кезде шығатын қалыпты дыбыс.

Жас балаларға микротолқынды пешті қолдануға, онымен ойнауға ЕШҚАШАН рұқсат бермеу керек. Сонымен қатар, микротолқынды пеш іске қосылып тұрған кезде де, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Баланың көзін тартатын заттарды, пеште сақтауға немесе оның үстіне қоюға болмайды.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Қыздырылған сусын немесе тағамдар қатты ыстық болуы мүмкін, абай болыңыз.

-Әсіресе баланы тамақтандырар алдында, тағамның жеткілікті салқындағанын тексеріңіз.

қауіпсіздік туралы ақпарат _7

CP1395ESTR_BWT_DE68-04033C-04_KK.indb 7

19-Jun-14 1:00:17 PM

Page 151
Image 151
Samsung CP1395ESTR/BWT manual Абай Болыңыз Іске қосуға қатысты ескерту белгілері