Samsung CP1395ESTR/BWT manual Микротолқынмен пісіруге қатысты нұсқаулық, Пісіру

Models: CP1395ESTR/BWT

1 216
Download 216 pages 42.25 Kb
Page 191
Image 191

Микротолқынмен пісіруге қатысты нұсқаулық

Микротолқын

Микротолқын қуаты тағамға енеді де, оның құрамындағы су, май және қантқа сіңеді.

Микротолқындар тағамның құрамындағы молекулаларды жылдам қозғалтуға себеп болады. Молекулалардың жылдам қозғалысы үйкеліс тудырады да, пайда болған қызудың көмегімен тағам піседі.

Пісіру

Микротолқынмен пісіруге арналған ыдыс-аяқ:

Ыдыстар микротолқын қуатын барынша өткізетін болуға тиіс. Тот баспайтын темір, алюминий және мыс тәрізді металдар микротолқындарды шағылыстырады, бірақ микротолқын керамика, шыны, фарфор және пластик, сонымен қатар қағаз бен ағаштан өте алады. Сондықтан, металл сауыттарда ешқашан тағам пісірмеу керек. Микротолқын режимін қолданғанда әрқашан бұрылмалы табақты қолданыңыз. Ыдыстар мен тағамдарды бұрылмалы табаққа қойыңыз.

Микротолқынды пеште пісіруге болатын тағам:

Тағамның көптеген түрін, атап айтқанда тоңазытылған көкөніс, жеміс, макарон, күріш, дән, бұршақ, балық, ет тәрізді тағамдардың көпшілігін микротолқынды пеште дайындауға болады. Соус, горчица, сорпа, бу пуддингі, консервленген тағам және көкөніс котлеттерін микротолқынды пеште пісіруге болады. Жалпы айтқанда, кәдімгі пеште пісірілетін тағамның бәрін пісіру үшін микротолқын керемет жарайды. Сарымай немесе шоколад еріту, мысалы, нұсқаулықтың соңындағы жылдам көмек тарауын қараңыз.

Пісіріліп жатқан тағамның бетін жабу

Тағамды бетін жауып пісірген өте маңызды, себебі буланған су тағамға қосылып оны пісіруге көмектеседі. Тағамды бірнеше әдіспен жабуға болады: мысалы, керамика қақпақпен, пластик қақпақпен немесе микротолқынға төзімді жылтыр қағазбен.

Қоя тұру уақыты

Пісіріп болғаннан кейін, температура тағам бойына біркелкі таралу үшін пеште қоя тұру керек.

04 ПЕШТІ ІСКЕ ҚОСУ

пешті іске қосу _47

CP1395ESTR_BWT_DE68-04033C-04_KK.indb 47

19-Jun-14 1:02:06 PM

Page 191
Image 191
Samsung CP1395ESTR/BWT manual Микротолқынмен пісіруге қатысты нұсқаулық, Пісіру