Құлақаспапты пайдалану

Bluetooth арқылы жалғау

1  Құлақаспап  Bluetooth жұптау режиміне кіру үшін қуат қосқышын жоғары жылжытып, шамамен үш секунд бойы ұстап тұрыңыз.

2

3

 Екінші құрылғы  Bluetooth мүмкіндігін белсендіріңіз және Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.

Қосымша ақпаратты екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

 Басқа құрылғы  Қолжетімді құрылғылар тізімінің ішінен Samsung Level On Pro (0000) таңдаңыз.

Құрылғының PIN коды, басқа құрылғының Bluetooth параметрлері экранында көрсетілген жақша ішіндегі төрт цифрдан тұратын сан болып табылады. Сан құлақаспапқа байланысты ерекшеленеді.

Құрылғылар жұпталғаннан кейін жақында қосылған құрылғылар әр қосқанда гарнитураға автоматты түрде қосылады.

Bluetooth қосылымы сәтсіз аяқталса немесе екінші құрылғы құлақаспапты анықтай алмаса, екінші құрылғының тізімінен құрылғының ақпаратын жойыңыз. Содан кейін қосылу әрекетін қайталаңыз.

Bluetooth қосылым ауқымы мен дыбыс сапасы, қосылған құрылғыларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Қазақ тілі

9

9