Күтім көрсету

Күтім көрсету

Тазалау

ЕСКЕРТУ

Тазалар алдында пеш пен пештің керек-жарақтарының салқын тұрғанын тексеріп алыңыз.

Жеміргіш жуғыш құралдарды, қатты шөткелерді, түрпілі жөке немесе шүберектерді, темір жөкені, пышақ немесе басқа да жеміргіш құралмен тазалауға болмайды.

Пештің ішкі жасақтамасы

Пештің ішін тазалау үшін, таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе сабынды суды қолданыңыз.

Есіктің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз.

Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, пешке арналған стандартты жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

Қатып қалған қоқысты тазалау үшін арнайы пеш тазалағышты қолданыңыз.

Пештің сырты

Пештің есігі, тұтқасы және дисплейі тәрізді сыртқы жақтарын тазалау үшін таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе жылы сабынды суды пайдаланыңыз да, ас үй сүрткішімен немесе құрғақ сүлгімен сүртіңіз.

Май мен қоқыс іштен шығатын ыстық ауаға байланысты әсіресе тұтқаның айналасына жиналуы мүмкін. Тұтқаны пайдаланып болған сайын тазалауды ұсынамыз.

Керек-жарақтары

Керек-жарақтарды қолданып болған сайын жуып, ыдыс-аяқ сүлгісімен құрғатыңыз.

Қатып қалған қоқысты тазалау үшін пайдаланылған керек-жарақтарды жуу алдында жылы суға шамамен 30 минут жібітіңіз.

Каталитті эмаль қаптама (бар үлгілерге ғана қатысты)

Алмалы бөлшектер қара сұры каталитті эмальмен қапталған. Оларға конвекциямен пісіру кезінде ыстық ауамен таралатын май және тоң май шашырап ластайды. Дегенмен, бұл қалдықтар пештің 200 °C градус және одан жоғары температурасында күйіп кетеді.

1.Пештің керек-жарақтарын түгел алыңыз.

2.Пештің ішін тазалаңыз.

3.Конвекция режимін ең жоғарғы температураға қойып таңдаңыз да, циклды шамамен бір сағат қосыңыз.

38 Казақ

Есік

Пештің есігін тазалау қажет болмаса алмаңыз. Есікті тазалау үшін алғыңыз келсе төмендегі қадамдарды орындаңыз.

ЕСКЕРТУ

Пештің есігі ауыр.

1.Есікті ашыңыз да, қос топсадағы

қапсырмаларды түгел ашыңыз.

2.Есікті шамамен 70° градусқа жабыңыз.

Пештің есігін екі жағынан қос қолдап ұстап, топсалары алынғанша жоғары көтеріп тартыңыз.

3.Есікті сабынды сумен, таза шүберекпен тазалаңыз.

4.Болған кезде есікті қайта орнату үшін жоғарыдағы 1-2 қадамдарды кері ретпен

орындаңыз. Топсаларының екі жаққа бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

NV75K5571RG_WT_DG68-00739B-00_RU+UK+KK+UZ.indb 38

3/11/2016 4:39:08 PM

Page 134
Image 134
Samsung NV75K5571RG/WT manual Күтім көрсету, Пештің ішкі жасақтамасы, Пештің сырты, 38 Казақ Есік