Смарт пісіру

Смарт пісіру

Алма бәліші

Құраластар • Кондитер өнімі: 275 г ұн, 1/2 ас қасық тұз, 125 г ұнтақ ақ қант, 8 г ваниль қанты, 175 г суық сары май, 1 жұмыртқа (көпіршітілген)

Толтырмасы: 750 г тығыз, бүтін алмалар,

1 ас қасық лимон шырыны, 40 г қант, 1/2 ас қасық дәмқабық, 50 г тұқымсыз мейіздер, 2 ас қасық нан қоқымдары

Нұсқаулар Үлкен шараның үстіне тұз қосылған ұнды елеңіз. Ұнтақ қант пен ваниль қантын бірге елеңіз. Сары майды 2 пышақпен ұннан өткізіп кішкене текшелерге бөліңіз. Көпіршітілген жұмыртқаның 3/4 бөлігін қосыңыз. Барлық құраластарды ас үй комбайнына салып, қоқым тәрізді масса пайда болғанша илеңіз. Қамырдан қолыңызбен домалақ жасаңыз. Пластик таспаға орап шамамен 30 минут салқындатып қойыңыз. Серіппе қалыпты (диаметрі 24-26 см) майлап, бетіне ұн себіңіз. Қамырдың 3/4 бөлігін 5 мм қалың етіп жазыңыз. Қалыпқа салыңыз (асты мен жан-жағына).

Алмалардың қабығын аршып, өзектерін алыңыз.

Оларды 3/4 x 3/4 см текшелерге бөліп кесіңіз. Алмаларға лимон шырынын сеуіп, мұқият араластырыңыз. Қарақат пен мейіздерді жуып, кептіріңіз. Қант, дәмқабық, мейіз және қарақат қосыңыз. Мұқият араластырып, қамырдың астыңғы жағына нанның қоқымдарын себіңіз. Сәл басыңыз. Қамырдың қалғанын жазыңыз. Қамырды кішкене таспаларға бөліп, толтырманың үстіне айқастырып салыңыз. Бәлішке көпіршітілген жұмыртқаның қалған бөлігін біркелкі таратып жағыңыз.

36 Казақ

Киш лорен

Құраластар • Кондитер өнімі: 200 г таза ұн, 80 г сары май, 1 жұмыртқа

Толтырмасы: 75 г текшеленіп туралған майсыз бэкон,

125 мл қаймақ, 125 г жас қаймақ, 2 көпіршітілген жұмыртқа, 100 г үккіштен өткізілген Швейцар ірімшігі, тұз және бұрыш

Нұсқаулар Қамыр дайындау үшін ұнды, сары майды және жұмыртқаны шараға салып, қамыр жұмсарғанша араластырып, содан кейін тоңазытқышқа 30 минут қойыңыз. Қамырды жазып, кишке арналған (диаметрі 25 см), майланған керамика ыдысқа салыңыз. Астыңғы жағын шанышқымен тесіңіз. Жұмыртқа, қаймақ, жас қаймақ, ірімшік, тұз және бұрыш салып араластырыңыз. Оны қамырға пісіруге сәл уақыт қалған кезде құйыңыз.

Жеміс қоқымдары

Құраластар • Безендіру үшін: 200 г ұн, 100 г сары май, 100 г қант, 2 г тұз, 2 г дәмқабық ұнтағы

Жеміс: 600 г аралас жемістер

Нұсқаулар Барлық қоспаларды толтырма жасау үшін үкпе массаға айналғанша араластырыңыз. Араласқан көкөністерді пеш ыдысына салып, үкпе массаны себіңіз.

NV75K5571RS_WT_DG68-00739A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 36

2017-02-03 ￿￿ 10:56:09

Page 132
Image 132
Samsung NV75K5571RS/WT Алма бәліші, Толтырмасы 750 г тығыз, бүтін алмалар, Алмалардың қабығын аршып, өзектерін алыңыз