4.Пештің ішін тазалау үшін құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТУ

Есікті цикл аяқталмай тұрып ашпаңыз. Пештің ішіндегі су өте ыстық, күйгізіп жіберуі мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ

Пеш мысалы, гриль жасау немесе қуыру режимдерінен кейін қатты майланып кетсе,

Бумен тазалау функциясын іске қоспай тұрып, жуғыш затты қолданып, қатып қалған қоқысты қолмен тазалауды ұсынамыз.

Цикл аяқталған кезде есікті ашық қалдырыңыз. Бұл ішкі эмальды мұқият кептіру үшін қажет.

Пештің ішкі жағы ыстық болса, тазалау функциясы қосылмайды. Пеш суығанша күтіп,

содан кейін қайталаңыз.

Табанына суды қатты екпінмен құймаңыз. Баппен құйыңыз. Себебі, су алдыңғы жағына ағып кетуі мүмкін.

Пиролитпен тазалау

Пиролит функциясы жоғары температурада қызудың көмегімен тазалайды. Бұл қолмен тазалауды жеңілдету үшін майлы қалдықтарды күйдіріп жібереді.

1.Керек-жарақтарды, соның ішінде бүйірлік бағыттағыштарды алып, пештің ішіндегі үлкен қоқыстарды қолмен сүртіп алыңыз.

Себебі, тазалау циклы кезінде түтіндеп, өртке айналуы мүмкін.

2.таңдау үшін режим таңдау тетігін бұраңыз.

3.Пиролитпен тазалау (C 2) функциясын таңдау үшін параметр дискін бұраңыз, содан кейін

OK түймесін басыңыз.

4.3 деңгейдің ішінен тазалау уақытын таңдау үшін параметр дискін бұраңыз: 1 сағ 50 мин,

2 сағ 10 мин және 2 сағ 30 мин.

5. Тазалай бастау үшін OK түймесін басыңыз.

6.Аяқталған кезде пеш салқындағанша күтіңіз, содан кейін дымқыл шүберекпен есікті және

оның жиектерін сүртіңіз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Пешті қолмен ұстамаңыз, себебі цикл кезінде қатты ысып кетеді.

Қатерлі жағдайларға жол бермеу үшін балаларды пештен алыс ұстаңыз.

Цикл аяқталғаннан кейін желдеткіш пешті салқындату үшін жұмыс істеп тұрған кезде пешті тоқтан ағытпаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Цикл басталғаннан кейін пештің іші ыстық болып тұрады. Содан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін есік бекітіледі. Цикл аяқталып, пеш салқындағаннан кейін есіктің құлпы ашылады.

Пешті тазалау алдында босатыңыз. Пештің ішіндегі керек-жарақтар жоғары температураға байланысты деформациялануы мүмкін.

Казақ 23

Іске пайдалану

NV75K5571RS_WT_DG68-00739A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 23

2017-02-03 ￿￿ 10:56:06

Page 119
Image 119
Samsung NV75K5571RS/WT Пештің ішін тазалау үшін құрғақ шүберекті пайдаланыңыз, Пиролитпен тазалау, Оның жиектерін сүртіңіз